Иран - аймақтағы тұңғыш зымырандық алпауыт
Ислам революциясы Сақшылары корпусының әуе- ғарыш қолбасшысы Иран Ислам республикасын аймақтағы тұңғыш зымырандық алпауыт деп атады.
«Тасним» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Иран ислам революциясы Сақшылары корпусының әуе- ғарыш қолбасшысы, бригада генералы сардар Әмир Әли Хаджизаде жексенбі күні Иранның солтүстік- шығысында орналасқан Мешхедте өткен «Зымырандық Иран» деп аталатын отырыс аясында: «Иран Ислам Республикасы қазіргі кезде аймақтағы тұңғыш зымырандық алпауыт, ал әлем бойынша үздік он елдің қатарында» деді.
Иран ислам революциясы Сақшылары корпусының әуе- ғарыш қолбасшысы «Имад» зымыранының һижри шамси жыл санағы бойынша алдағы 1395- ші жылдың бас кезінде осы органға табыс етілетінін мәлімдеп: «Алыс қашықтыққа қолданылатын зымырандардың жаңа түрі болып табылатын «Седжил» зымырандары да жақында ислам революциясы Сақшылары корпусына беріледі» деді.
Бригада генералы Хаджизаде санкциялардың Иранның зымырандық өнеркәсібі саласына әсері туралы: «Иранның зымырандарын шектеу жолындағы талпыныстарға қарамастан Иран Ислам Республикасы бұл сала бойынша дамып келеді. Иран өзінің зымырандық кешенін бұрынғыдан көбірек күшейтуді мақсат етіп отыр» деді.