Нау 11, 2024 21:56 Asia/Almaty
  • Иранның еркін күрес командасы Түркияның Яшар Дога кубогының жеңімпазы атанды

Иранның еркін күрес командасы 3 алтын, 2 қола алып, Түркияның Яшар Дога кубогының жеңімпазы атанды.

Бұл жарыста 92 кг салмақта Амир Хұсейн Фирузпур, 125 кг салмақта Амир Реза Масуми, 86 кг салмақта Хади Вафаи алтын алса, 70 кг салмақта Мұхаммедмехди Палангвар мен Амир Мұхаммед Яздани қола жүлде алды.

Командалық есепте Иран 115 ұпаймен жеңімпаз атанса, Қырғызстан мен Моңғолия командалары екінші және үшінші орындарға табан тіреді.    

 

Тегтер