Сәу 12, 2024 18:44 Asia/Almaty
  • Сионистерді қорқытқан 9 ирандық зымыран

Сионистік режимнің Дамасктегі ирандық консулдық ғимаратына шабуыл жасау қылмысынан кейін Иранның бұл қылмысқа жауап қайтаруы туралы уәдесі Израильге ауыр салмақ түсіріп отыр.

Халықаралық әдет-ғұрып бойынша, дипломатиялық орындарға кез келген шабуыл халықаралық құқыққа негізделген қарсы шараларды заңды және мүмкін етеді. Осы себепті ИИР-ның жоғары лауазымды басшылары қатаң әрі өкіндіретін жауап беруге уәде берді.

Дәл осы тұрғыда имам Хаменеи сәрсенбі күні таңертең Ораза айт намазының уағыздарында Израиль режимінің Дамасктегі Иран елшілігінің консулдық бөліміне шабуылына тоқталып: "Халықаралық әдет-ғұрып бойынша кез келген елдің консулдығы мен елшілігіне жасалған шабуыл сол елдің аумағына жасалған шабуыл деп есептеліп, зұлым сионистік режим бұл қылмысы үшін жазалануы керек және жазаға тартылады",- деді.

Соңғы жылдары сионистік режим билігінің қасіретіне айналған Иранның ұзақ қашықтыққа ұшатын баллистикалық зымырандары қазіргі уақытта Ислам Республикасының Дамаскідегі жуырдағы лаңкестік шабуылға жауап берудегі ең маңызды нұсқаларының бірі ретінде қарастырылуда.

Пентагон өз баяндамасында Иранның зымырандық қуатын Таяу Шығыстағы ең үлкен зымырандық күш, әртүрлі зымыран түрлерінен тұратын держава деп сипаттайды.

 

Бұл мақалада Израильді нысанаға ала алатын Иранда жасалған тоғыз зымыранмен таныстырамыз:

1 –  "Хоррамшахр 4" зымыраны (Хейбар)

"Хоррамшахр 4" зымыраны

Қашықтығы: 2 мың км

Ұзындығы: 13 метр

Диаметрі: 1,5 метр

Салмағы: 30 тонна

Соғыс оқпанының салмағы: 1500 кг

Жылдамдығы: Атмосфера сыртында 16 Mach/ Атмосфера ішінде 8 Mach

 

2- Haj Qasem ("Қажы Қасым") зымыраны 

Haj Qasem ("Қажы Қасым") зымыраны 

Қашықтығы: 1400 км

Ұзындығы: 11 метр

Диаметрі: 85-95 см

Салмағы: 7 тонна

Соғыс басының салмағы: 500 кг

Жылдамдығы: 5 Mach

 

3- "Хейбар Шекан" зымыраны

"Хейбар Шекан" зымыраны

Қашықтығы : 1450 км

Ұзындығы: 10,5 метр

Диаметрі: 800 мм

Салмағы: 4500 кг

Соғыс басының салмағы: 500 кг

Жылдамдығы: сағатына 5 мың шақырымнан астам

 

4- "Седжил" зымыраны

"Седжил" зымыраны

Қашықтығы: 2000-нан 2500 км-ге дейін

Ұзындығы: 17,57 метр

Диаметрі: 1,25 метр

Салмағы: 23 тонна

Соғыс оқпанының салмағы: 500 кг-нан астам

Жылдамдығы: 12-14 Mach

 

5- "Пове" зымыраны

"Пове" зымыраны

Қашықтығы: 1650 км

Ұшу биіктігі: 50 метрден аз

Жылдамдығы: 600-900 км/сағ

 

6- "Фаттах 2" зымыраны

"Фаттах 2" зымыраны

Қашықтығы: 1400 км-ден астам

Ұзындығы: 12 метр

Диаметрі: бірінші бөлігі: 80 см / екінші бөлігі: 50 см

Салмағы: 3500 - 4100 кг

Соғыс басының салмағы: 500 кг

Жылдамдығы: 5  Mach

 

7- "Қадр" зымыраны (үштік)

"Қадр" зымыраны

Қашықтығы: 1950 км-ге дейін

Ұзындығы: 15,5-16,5 метр

Диаметрі: 1,25 метр

Салмағы: 17 480 кг дейін

Соғыс оқпанының салмағы: 700-ден 1000 кг-ға дейін

Жылдамдық: шамамен  9 Mach

 

8- "Эмад"  зымыраны

"Эмад"  зымыраны

Қашықтығы: шамамен 1700 км

Ұзындығы: 15,5 метр

Диаметрі: 2,18 метр

Салмағы: 1750 кг

 

9- "Шахаб 3" зымыраны

"Шахаб 3" зымыраны

Қашықтығы: шамамен екі мың шақырым

Ұзындығы: шамамен 16 метр

Диаметрі: 1,2 метр

Салмағы: 1780 кг

Тегтер