Сәу 16, 2024 16:51 Asia/Almaty
  • Күзде Иранның екі зерттеу жерсерігі «Ходход» пен «Кәусар» ұшырылады

Иранның «Кәусар» және «Ходход» жерсеріктері осы жылдың күзінде ұшырылады

 

Хұсейн Шахраби білімге негізделген ғарыш компаниясының бас директоры, «Кәусар» атты зондтау жерсерігі мен «Ходход» атты тар жолақты телекоммуникациялық жерсерікті ұшыру туралы: «Әлемдік нарыққа ену үшін халықаралық ұшырудың маңыздылығына байланысты зондтау және заттар интернеті (IOT) саласындағы ирандық «Кәусар» және «Ходход» спутниктері ғарышқа ирандық ұшырғыштың орнына ресейлік ұшырғышпен жіберіледі. «Ходход» пен «Кәусар» жерсеріктерінің ұшырылуынан кейін бірден IOD2 спутнигінің мәселесін жалғастырамыз. Бұл жобада біріктірілген жерсерік бір уақытта телекоммуникациялық және зерттеу миссияларын орындайды деп болжануда»,- деді.