Маусым 21, 2024 19:25 Asia/Almaty
  • Ирандық жасөспірім шахматшылар Азия турнирінде 6 түрлі түсті медаль алды

ИИР-ның ұлттық жасөспірім шахматшылар командасы Азия турнирінде 6 түрлі түсті медаль алды.

21 хордадта Қазақстанның Алматы қаласында жасөспірімдер арасында шахматтан өткен Азия турнирі кеше, бейсенбі күні аяқталды.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, турнирдің соңғы күнінде ирандық жасөспірім шахматшылар Рамтин Какаванд пен Асма Хасанпур 12 жасар ұлдар мен 10 жасар қыздар арасында сәйкесінше алтын мен күміс алды.   

Ирандық шахматшылар командасы жалпы 6 медаль алды. Соның ішінде стандарт және блиц ойындарында Рамтин Какаванд 2 алтын, рапид ойынында Махса Алави алтын, блиц ойынында Асма Хасанпур күміс, стандарт ойынында Асна Гүлизада күміс, стандарт ойынында Мұхаммедтаха Малекнежад қола жүлде алды.

Тегтер