Иранның Индонезиядағы медицина деңгейін көтерудегі үздіксіз ынтымақтастығы. Ирандық лапароскопия Джакартаға келді
(last modified Sat, 13 Jul 2024 12:11:53 GMT )
Шіл 13, 2024 18:11 Asia/Almaty
  • Иранның Индонезиядағы медицина деңгейін көтерудегі үздіксіз ынтымақтастығы. Ирандық лапароскопия Джакартаға келді

Индонезия Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Джакартадағы Иран елшісімен кездесуінде екі елдің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықтарын кеңейтуге шақырды.

Индонезия Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Данте Саксоно Джакартада Иранның лапароскопиялық тренажер жабдықтарын тапсыру рәсімінде Иранның жаңадан сайланған президенті Масуд Пезешкианның  басшылығымен екі елдің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастығы  Индонезияның денсаулық сақтау саласына елеулі өзгерістер әкелетініне үміт білдірді.  

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Саксоно осы рәсімде Иранның медициналық жетістіктеріне тоқталып, Иранның  Лапароскопия симуляция құралын жасаудағы рөлі Иранның Индонезияның денсаулық сақтау саласына инвестиция салуына негіз болғанын атап көрсетті.

Индонезияның денсаулық сақтау министрінің орынбасары ауруханада (RSCM) Иран елшісінің қатысуымен «Лапароскопия» хирургия ғылымында маңызды өзгерістер әкелгенін баса айтты. Өйткені инвазивті хирургия қажеттілігін азайта отырып, ең аз ауырсынумен, тезірек қалпына келтіруге және жақсы нәтижеге әкеледі.

Данте Саксоно осы шарада сондай-ақ Иранның шәһид президенті Ибрахим Раисидің өткен жылы Индонезияның президентіне ирандық уретероскопиялық хирургиялық симуляторды таныстырғанын айтып: «Шәһид Раисидің міндеттемесі мен ынтымақтастығы арқасында Индонезия денсаулық сақтау саласында жақсы жетістіктерге жетті",- деді.   Данте Саксоно сөзінің жалғасында: "Бұл тренажер индонезиялық медицина мамандарына, зерттеушілеріне және дәрігерлеріне мүмкіндік берді",- деп айтты.  

Иранның Индонезиядағы елшісі Мұхаммад Бруджерди де ирандық лапароскопиялық хирургия симуляторының жұмыс процесі мен тиімділігін аралап, Иранның шәһид болған президентінің өткен жылы Джакартаға сапары екі ел арасындағы қарым-қатынастардың дамуындағы бетбұрыс екенін баса айтты.

Бруджерди осы рәсімде былай деді: «Бір жылдан кейін Индонезиядағы түрлі ғылыми және академиялық басқосуларда Иранның шәһид президентінің еңбектері мен баталарына куә болып отырмыз».

Шәһид Раисидің Индонезияға өткен жылғы сапары барысында Лапароскопия хирургиялық тренажері Индонезия президентіне ИИР жастарының техникалық және инженерлік мүмкіндіктерінің үлгісі ретінде экспортқа негіз дайындау мақсатында ұсынылды.  

Бұл құрылғының болуы медициналық оқу орындарында өте маңызды. Оны Иранның жас мамандары жасады және ол шетелдік үлгілер сияқты студенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыра алады және сонымен бірге оны дамушы елдерге арзан бағамен экспорттауға болады.

Хижраның 1402 жылы Индонезияның екі қаласында ирандық мамандардың қатысуымен екі қашықтықтан хирургиялық орталық құру туралы келісімге қол қойылды.

Иран мен Индонезия әртүрлі салаларда, әсіресе денсаулық сақтау саласында достық қарым-қатынаста. Екі елдің жоғары лауазымды тұлғаларының мәлімдемесіне сәйкес, бұл қарым-қатынастар кеңейтіліп, нығая түсуі тиіс.