Жетекші көзқарасы: исламға негізделген айбын
https://itolqyn.com/news/iran-i7822
Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Теһранда 33-ші Халықаралық Құран Кәрім жарыстарына қатысушылармен кездесуінде Құранды ислам үмбеті бірлігінің басты өзегі деп атап: «Үстемшіл жүйенің саясаты мұсылмандар арасында қайшылық пен қақтығыс тудыру болып отырған жағдайда ислам үмбеті осы илаһи нығметтің аясында бірлік пен біртұтастыққа қарай қозғалуы тиіс»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Maм 19, 2016 18:31 Asia/Almaty
  • Жетекші көзқарасы: исламға негізделген айбын

Ислам революциясының жетекшісі хазірет аятолла Хаменеи Теһранда 33-ші Халықаралық Құран Кәрім жарыстарына қатысушылармен кездесуінде Құранды ислам үмбеті бірлігінің басты өзегі деп атап: «Үстемшіл жүйенің саясаты мұсылмандар арасында қайшылық пен қақтығыс тудыру болып отырған жағдайда ислам үмбеті осы илаһи нығметтің аясында бірлік пен біртұтастыққа қарай қозғалуы тиіс»,-деді.

Құран Кәрім жай ғана кітап емес, мұсылмандар үшін өмірдің жарғысы мен үндеухаты болып табылады. Құран – мәңгілік мұғжиза. Бұл кітапта бір мұсылман адамның күнделікті ғибадаттары мен әлеуметтік жауапкершіліктері сияқты міндеттері жазылған. Хазірет Мұхаммад пайғамбар (с.ғ.с) – Құран тағылымдары негізіндегі кәміл адамның үлгісі. Құран Кәрім мен Ислам пайғамбарының сүннеті ислам мазхабтарының барлық ұстанушылары үшін екі негізгі өзек болып табылады. Алайда қазіргі әлемде кейбіреулер Құран тағылымдары мен Ислам пайғамбарының (с.ғ.с) сүннетін қате түсініп, мұсылмандар арасына іріткі салып, мұсылмандарды өлтіруді бастады. Бұл топ Құран жайлы өздерінің түсініктерін басты критерий етіп алып, басқа мұсылмандарды кәпір деп атап, оларды өлімге лайықты деп санайды. Бүгінде Сирия, Ирак, Йемен мен Солтүстік Африка елдерінде мұсылмандарды қырып-жойып жатқан тәкфирлік топтарды қолдайтын кейбір елдер осындай топтың қатарына жатады.

Исламның дұшпандары, олардың басында АҚШ бүгінде тәкфирлік және лаңкестік топтар арқылы өзгенің қолымен соғыс жүргізіп жатыр. Хазірет аятолла Хаменеи кейбір ислам елдерінің Аллаға емес, пұтқа табынатындықтарына өкініш білдіріп: «Аймақта АҚШ-тың саясаттарын орындайтын елдер шын мәнінде ислам үмбетіне қиянат жасап, АҚШ-тың ықпал етуіне жағдай тудыруда»,-деп баса айтты. Ислам революциясының жетекшісі тәкфирлік топтар мен олардың демеушілерімен күресудің негізгі жолдарының бірін ғұламалар мен ғалымдардың Құран тағылымдарымен таныстырып, ағартушылық жұмыстар жасауы деп санайды. Хазірет аятолла Хаменеи осы жөнінде: «Қазіргі таңда ислам үмбетінің, әсіресе ислам елдерінің ғұламалары, ағартушылары мен оқығандарының ең маңызды міндеті – ислам әлемінің шындықтарын түсіндіру және ағартушылық жұмыстарын жүргізу үшін күресу»,-деді.

Дұшпандар тәкфирлік топтар мен олардың демеушілерінің исламды бұрыс түсінуін әлемдік қауымдастыққа исламның қатігездік пен әсірешілдікті қолдап отырғандығының дәлелі деп көрсетіп, осылайша өздерінің ислам елдерінің ішкі ісіне араласушы саясатын түсіндіреді. Шынайы исламның тағылымдары тәкфирлік топтардың ойы мен әрекетінен өзгеше. Батыс елдері исламның таза ойлары мұсылман елдерінде орындалса, өздеріне бұл елдерде орын болмайтынын біледі. Исламның жолдауы – пұтқа табынушылар және үстемшілдермен күресу. Бұл елдердің ИИР-мен дұшпандығының бір себебі Иран халқының АҚШ пен оның одақтастарының үстемшіл саясаттарына қарсы табандылық танытуы болып отыр.

Хазірет аятолла Хаменеи Иран халқының иманы мен беріктігі және АҚШ-тың шектен тыс талап етушіліктеріне қарсы табандылығын ИИР айбынының басты факторы деп атап: «Алпауыт елдердің Иран халқынан қорқуы мен осы халыққа қарсы әртүрлі қастандықтар жасауының себебі – исламға сүйенген айбын. Дұшпан айбынды исламнан қорқады»,-деп баса айтты. Ислам революциясының жетекшісі ИИР-ның айқын ұстанымдары мен шыншыл әрекеттерінің оның мұсылмандар арасындағы ықпалының негізгі факторы әрі исламдық жүйе айбынының басты себептерінің бірі екендігін айтып: «Осы уақытқа дейін үстемшілдердің уәделері Иран халқын алдай алмады, қоқан-лоққылары да халықтың қорқуына себеп болған жоқ»,-деп баса айтты.