Там 03, 2024 22:37 Asia/Almaty
  • Иранның ұлттық футзал командасы – әлемнің ең үздік командасы атануға үміткер

Иранның ұлттық футзал командасы 2023 жылғы әлемнің ең үздік командасы атануға үміткер болып отыр.

Жыл сайын футзал саласындағы үздіктерді анықтайтын Futsal Planet сайты 2023 жылғы әлемнің ең үздік 10 футзал командасының тізімін анықтауда.

Pars Today ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Futsal Planet сайты осы тізімде Иранның ұлттық футзал командасын үміткер ретінде атады.

Иранның ұлттық футзал командасы әлемнің ең үздік командасы атануы үшін Бразилия, Аргентина, Португалия, Марокко, Ауғанстан, Франция, Жапония, Испания және Өзбекстанмен бақ сынасуы керек.

Бұған дейін Иранның әйелдер арасындағы ұлттық футзал командасы Futsal Planet сайты тарапынан әлем бойынша әйелдер арасындағы ең үздік командалардың бірі ретінде таңдалған болатын.

 

 

Тегтер