Ресейдің Иранның солтүстігіндегі соңғы шиеленістерге реакциялар жалғасуда
(last modified Sat, 07 Sep 2024 10:05:44 GMT )
Қыр 07, 2024 16:05 Asia/Almaty
  • Ресейдің Иранның солтүстігіндегі соңғы шиеленістерге реакциялар жалғасуда

Иран Ислам Кеңесі төрағасының орынбасары Ресей мен Әзірбайжанға халықаралық шекараларды құрметтеуге кеңес беріп, Иран Ислам Республикасының шекаралардың өзгеруін қабылдамайтынын қуаттады.

 

Иран Ислам Кеңесі төрағасының орынбасары Әли Никзад ИИР-ның шекараларға қатысты стратегиялық саясаттарының тұрақты және ұлттық мүдделерге негізделгенін қуаттап, Ресей мен Әзірбайжанға   халықаралық шекараларды құрметтеуге кеңес берді. 

Pars Today агенттігінің хабарлауынша, Никзад X әлеуметтік желісінде былай деп жазды:

"Иран Ислам Республикасының шекараларға, көршілерге және дәліздерге қатысты стратегиялық саясаты тұрақты және ұлттық мүдделерге негізделген. Менің Ресей мен Әзірбайжанға кеңесім – шекараны құрметтеңіздер".

Иранның Армениядағы елшісі Мәһди Собхани де жұма күні "қиялдағы «Зангезор» дәлізімен байланысты армандардың ешқашан жорылмайтынын" баса айтты.

Сабхани журналистермен сұхбатында: "Кедергілерді жоюға қатысты біздің ұстанымымыз анық. Біз бөгеттерді жоюға қарсы емеспіз, бірақ барлық кедергілерді жою Арменияның аумақтық және ұлттық егемендігінде болуы керек",- деді.

Ол сондай-ақ:

"Біз қазір 19 ғасырда емес, 21 ғасырдамыз. Елдер тәуелсіздік пен егемендікке ие және осы егемендікті жүзеге асырады",- деп баса айтты.

Соңғы күндері Ресейдің кейбір шенеуніктері Иран мен Арменияның шекарасын өзгерту деп саналатын Зангезор дәлізін құруды тілге тиек етті. Бұл мәселе ИИР тарапынан нақты реакцияға ұшырады. ИИР Сыртқы істер министрлігінің Еуразия бас директоры осы тұрғыда және Ресейдің Теһрандағы елшісімен кездесуінде оған Теһранның Кавказ аймағындағы кез келген геосаяси өзгерістерге байыпты қарсылығын еске салды. Кейбір сарапшылар Ресейге жасалған соңғы қысымды ресейліктердің мұндай пропорционалды емес әрекетінің факторы деп санайды. Мысалы, осы тұрғыда Американың халықаралық қатынастар кеңесінің мүшесі, профессор Ширин Хантер ирандық Tabnak сайтына берген сұхбатында Ресейдің Зангзор дәлізіне қатысты жаңа ұстанымы Украина соғысының дамуы мен осы соғыстың Ресейге жасаған халықаралық қысымының нәтижесі деп білді. Бұл Ресейдің қате және қауіпті әрекеттерге баруына себеп болды.