Қыр 23, 2024 16:35 Asia/Almaty
  • Әлемдегі ғарыш саласы бойынша Иран қандай орын алады?

Иранның Әскери-әуе күштері үйлестірушісінің орынбасары Бушер облысында өткен ИИР Қарулы күштерінің парады кезінде Иранның әлемдік ғарыш өнеркәсібіндегі орнына тоқталды.

 

Иран Ислам Республикасы Әскери-әуе күштері үйлестірушісінің орынбасары Әли Акбар Талебзаде: "Иранның қарулы күштері дұшпандардың мақсатына жетуіне мүмкіндік бермей отыр",- деді.

Parstoday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ол былай деп қосты: "ИИР білім мен жиһадтық жұмыстың аясында талпыну және жылжу арқылы жергілікті қауіпсіздікті күшейту үшін өзін-өзі қамтамасыз ету және өндіріс жолын жалғастырды, сондай-ақ ең күрделі қару-жарақ пен онымен байланысты жүйелерді жөндеуден басқа,  әскери мен ұшқышсыз ұшақтардың барлық түрлерін өндіру монополиясын бұзды және технология иесінің өкілеттіктерімен тең болды".

Талибзаде сондай-ақ Иранның қорғаныс саласындағы жетістіктерінің ашылуына тоқталып: "Исламдық Иран әлемнің ғарыш өнеркәсібіндегі алғашқы 10 елдің қатарына кіреді",- деп мәлімдеді.

Айта кетейік, Қасиетті қорғаныс апталығының басталуына орай Теһранда Иран қарулы күштерінің шеруі өткен уақытта Иран жасаған «Шаһед 136 В» атты ең жаңа  ұшқышсыз ұшақ және Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Джихад» атты ең жаңа баллистикалық зымыранының тұсауы кесілді.