Жұма намазы – жеңіс пен абырой; Ислам әлеміндегі ең маңызды жұма намаздарының бірі туралы 8 түсіндірме
(last modified 2024-10-14T11:16:40+00:00 )
Қаз 14, 2024 17:16 Asia/Almaty
  • Жұма намазы – жеңіс пен абырой; Ислам әлеміндегі ең маңызды жұма намаздарының бірі туралы 8 түсіндірме

ParsТoday - Теһран қалалық кеңесінің мүшесі Сейіт Мұхаммад Ағамири осы кеңестің ашық отырысында жеңіс жұма намазы туралы былай деді: "Тарихта 13 мехр күнгі (4 қазан) жұма намазы сахабалардың Алла елшісіне (с.ғ.с.) ант бергенін еске салады. Бұл уәденің мақсаты діндарлардың рухын нығайтып, жауынгерлік әзірлігін жаңарту болды".

Ливандағы Хизболланың бас хатшысы Сейед Хасан Насролла шәһид  болғаннан, сондай-ақ Иранның сионистік қылмыстарға зымырандық жауабынан кейін Ислам революциясының жетекшісінің имамдығымен Теһранда 1403 жылы 13 мехр күні өткен жұма намазы, көптеген тұлғалар мен сарапшылардың пікірінше, бұл ислам  әлемінде тарихи күн болды. "Наср жұма намазы" атанған ұлы оқиға.

Имам Хаменеи мен бірнеше жүздеген мың ирандық жамағат Иранның Израильге қарсы «Шін уәде 2» операциясынан кейін Теһран Мосаласы (діни-мәдени кешені) нысанаға алынуы мүмкін деген дұшпандық қауіпке қарамастан осы жұма намазына қатысты.

Бұл жұма намазы алдын ала жарияланған кесте бойынша және ешқандай арнайы қорғаныс пен бекініссіз ашық аспан астында өтті.

Имам Хаменеи жұма намазын оқымас бұрын ашық аспан астындағы Сейед Хасан Насролланы еске алу рәсіміне қатысып, Құран Кәрімді оқуды бастап, намазды оқып болған соң ресми тұлғалармен сұхбаттасты.

Бұл жұма намазында Ислам революциясы жетекшісінің төрт ұлы да болды. Бұл діни рәсімге әртүрлі қалалардан көптеген ирандықтар қатысты.

ParsТoday-дің осы мақаласында осы тарихи жұма намазының маңыздылығын сипаттайтын кейбір мәлімдемелер келтірілген:

 

"Наср жұма намазы" - ислам қоғамының беделін көтеру

Құм семинариясының жоғары оқу орындарының ұстазы Мұхаммад Хади Рахмани соңғы оқиғаларды талдап, осы жұма намазының маңыздылығына тоқтала келе: «Наср жұма намазының үлкен ағымы ислам жамағатының өзін-өзі бағалауын арттырып, дұшпанға маңызды соққылар берді»,- деді.

 

"Наср жұма намазы" - дұшпандардың қастандықтарын залалсыздандыру

Ирандағы Таибад қаласының сүннит жамағаты жұма намазының имамы Ғұламнәби Тавакули "Наср жұма намазы" туралы былай деді: «Діни жетекшінің "Наср жұма намазындағы" уағыздары және халықтың оған жаппай қатысуы Ислам дұшпандарының зұлым жоспарларын залалсыздандырды". 

 

"Наср жұма намазы" - сахабалардың Алла елшісіне (с.ғ.с.) ант бергенін еске түсіру

Теһран қалалық кеңесінің мүшесі Сейіт Мұхаммад Ағамири осы кеңестің ашық отырысында жеңіс жұма намазы туралы былай деді: "Тарихта 13 мехр күнгі (4 қазан) жұма намазы сахабалардың Алла елшісіне (с.ғ.с.) ант бергенін еске салады. Бұл уәденің мақсаты діндарлардың рухын нығайтып, жауынгерлік әзірлігін жаңарту болды".

 

"Наср жұма намазы" - Ислам үмметі үшін үлкен бірлік

Иранның Кашан қаласының уақытша жұма имамы революция жетекшісінің жұма намазында болуын сионистік режимге қарсы қарсыласу майданы үшін үлкен жігерлендіру көзі деп атап, былай деп қосты: "Жұма күнгі "Наср намазы" жер бетіндегі мазлұмдарға жігер беріп, мұсылман үмбетінің бірлігін арттырды".

 

"Наср жұма намазы" - ел мақтанышы

Құран Кәрімнің тәпсіршісі әрі тақлид ғұламаларынің бірі аятолла Джавади Амоли "Наср жұма намазының" халықтың жаппай қатысуымен өтуіне тоқталып, оны бір ұлттың мақтанышы деп атап, былай деді: «Жау қатеріне қарамастан алаңға әйел-баламен келген халық мақтаныш емес пе?"

 

"Наср жұма намазы" – халықтың діні билікке сенімінің көрінісі

Теһранның жұма күнінің уақытша имамы Казем Седиқи де революция жетекшісінің "Наср жұма намазындағы" уағызының нәтижелілігі, жан-жақтылығы және жиһадшыл және исламдық көзқарасы тұрғысынан шыңда болғанын айтып: «Халықтың діни билікке деген сенімі саяси сенім емес, діни, табиғи және шын жүректен шыққан сенім",- деді.

 

"Наср жұма намазы" – жауларға қорқыныш

Керманшах облысындағы діни жетекшінің өкілі және осы қаланың жұма намазы имамы Хабибулла Ғафури де Ислам революциясының жетекшісі мен Иран халқының "Наср жұма намазына" тарихи қатысуына тоқталып, былай деді: "Бұл маңызды оқиға дұшпандардың үрейіне және Ислам революциясы достарының үмітіне себеп болды".

 

"Наср жұма намазы" - тағы бір "Шын уәде"

Қасиетті қорғаныс әдебиеті және тарихы ұйымының басшысы Аббас Байрами "Наср жұма намазына" миллиондаған адамның қатысуын тағы бір "Шын уәде» деп атап: «Дұшпан бар күшімен Ислам революциясы және қарсыласу майданына қарсы шайқас алаңына келді, бірақ халықтың осы рәсімге ынталы қатысуы арқылы бұл қастандықтар залалсыздандырды",- деп мәлімдеді.

Тегтер