Неліктен 13 абан Иранда «Оқушылар күні» аталды?
Иранда «Оқушылар күні жыл сайын 13 абанға сәйкес келеді. Бұл күннің аталу себебі - 1357 жылы абанның 13-і күні (4 қараша 1978) таңертең Теһран университетінің қалашығында Батыс қолдаған Пехлеви режиміне наразылық белгісі ретінде жиналған теһрандық оқушылардың жаппай қырылуы.
ParsТoday хабарлауынша, 1357 жылы 13 абанда (4 қараша 1978) 56 ирандық оөушы Пехлеви режимінің қолынан шәһид болды. Ислам революциясының жеңісінен кейін осы күнді еске алу мақсатында Иран Ислам Республикасының күнтізбесінде абанның 13-і «Оқушылар күні» болып аталды.
1357 жылғы 13 абандағы оқиғалар
Имам Хомейни (р.а.) басшылығындағы Иран халқының Ислам революциясы тағдырлы күндерге жақындап келе жатқанда Иран халқының барлық топтары, әйелдер мен ерлер, кәрі және жас өздерінің тарихи рөлін орындап, илаһи парызын өтеуге тырысты. Осы арада оқушылар мен жасөспірімдердің көңіл-күйі бөлек болды.
1357 жылдың 13 абан күні таңертең оқушылар өз наразылықтарын білдіру Теһран университетіне қарай жүрді. Бұл жастар университетке топ-топ болып кіріп, студенттермен және басқа да адамдармен бірге университет көгалына жиналды.
Таңертеңгі сағат он бірде офицерлер осы шулаған халықтың арасына алдымен көзден жас ағызатын газ жіберді. Алайда тыныс алуы қиындаған жиналғандар дауыстарын көтеріп, «Аллаһу Акбар» деп айғайлап, Пехлеви режимінің қарулы агенттерін шайқады. Осы кезде атыс басталып, жазықсыз жастар мен жасөспірімдер бірінен соң бірі қанға боялды. Бұл күні 56 адам шәһид болды және жүздеген адам жараланды.
Оқушылар үстемшілдікке қарсы күресте әрқашан белсенді және ұмытылмас рөл атқарды
Сол кезде имам Хомейни (р.а.) осыған орай жолдаған жолдауында: «Сабырлы болыңдар жандарым, өйткені соңғы жеңіс жақын, Алла сабырлылармен бірге. ... Қазіргі таңда Иран – азат адамдардың мекені. ... Мен осы алыстан сендерге үмітпен қарап, күтемін. ...Мен сендердің бостандық пен тәуелсіздіктің үнін әлемге естіртемін», - деді.
13 абан жолдауы
Абан айының он үшінші күні Иран оқушыларының Ислам революциясына дейінгі дастандарын, жакештілігін және құрбандықтарын еске түсіру болып табылады. Сол себепті де революцияның ержүрек перзенттерінің жадында мәңгі қалуы үшін және жыртқыш алпауыт күштермен аяусыз күресіп, қорлық өмірден ар-намысты артық көру дүние жүзіндегі барлық студенттер үшін ұмытылмас сабақ болсын деп, бұл маңызды күн «Оқушылар күні» деп аталды.