Иран радиофармацевтика саласындағы әлемдегі жетекші елдердің бірі
ParsToday – Иранның Атом Қуаты Ұйымының басшысы бұл елдің радиофармацевтикалық препараттарды ең көп өндіретін елдердің қатарында екенін мәлімдеді.
Иранның Атом Қуаты Ұйымының басшысы Мұхаммад Ислами: «Иранның ядролық өнеркәсібі даму жолында және ядролық технологияның әртүрлі аспектілерін мүмкіндігінше пайдалануда» деді. ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ислами: «Атом электр станцияларының құрылысын жеделдету, ауыл шаруашылығына көмектесу үшін радиациялық жүйелерді іске қосу, тау-кен экономикасын өркендету, қатерлі ісік ауруын емдеу үшін плазмалық технологияны пайдалану және Иранды өндіруші елдердің қатарына қосқан қоғамға қажет радиофармацевтикалық препараттарды өндіру - жас ғалымдарымыздың қол жеткізген марапаттарының бірі».
Соңғы жылдары ирандық ядролық ғалымдар елдің ғылыми және зерттеу орталықтарына қажетті әртүрлі жоғары санаттағы өнімдерді шығаруда табысқа жетті. Мысалы, ирандық ғалымдар қатерлі ісік диагностикасы мен емдеу саласында клиникалық сынақ кезеңіне өтетін маңызды жаңалықтар ашты. Иран бұл салада әлемдегі алғашқы 5 елдің қатарына кіреді.