Иран мен Ресейдің жан-жақты ынтымақтастық келісімін орындаудағы ортақ еркі
(last modified Wed, 07 May 2025 11:11:57 GMT )
Maм 07, 2025 17:11 Asia/Almaty
  • Иран мен Ресейдің жан-жақты ынтымақтастық келісімін орындаудағы ортақ еркі

ParsToday - Иран мен Ресей президенттері екіжақты қарым-қатынастар мен соңғы аймақтық және халықаралық оқиғаларды қарастыра келе, стратегиялық ынтымақтастықты тереңдету және екі ел арасындағы жан-жақты ынтымақтастық келісімін толық орындаудағы ортақ табандылықтарын қуаттады.

ParsToday ақпарат агенттігінің президенттік ақпарат орталығына сілтеме жасап хабарлауынша, Иран мен Ресей президенттері Масуд Пезешкиан мен Владимир Путин сейсенбі күні телефон арқылы сөйлесуінде екіжақты қарым-қатынастардың соңғы жағдайы мен аймақтық және халықаралық оқиғалар туралы пікір алмасты.

Иран мен Ресей президенттері екі ел арасындағы қарым-қатынастардың сындарлы және достық деңгейіне ризалық білдіріп, әсіресе ақша және банк ісі, теміржол және автомобиль тасымалы және энергетика салаларындағы ынтымақтастық пен ортақ жобалардың ілгерілеуіне оң баға берді.

Пезешкиан мен Путин Иран мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық ынтымақтастық келісіміне қол қоюды Теһран мен Мәскеу қарым-қатынасының тереңдігінің айқын белгісі және ИИР мен РФ саяси, экономикалық, сауда және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтарын нығайтудағы бетбұрыс деп санап, екі елдің жоғары лауазымды тұлғаларының осы келісімді толық орындаудағы табандылығы мен ерік-жігерін қуаттады.

Ресей президенті сондай-ақ Иран мен АҚШ-тың ядролық келіссөздеріне сәттілік тілеп, Ресейдің осыған байланысты қажетті техникалық көмек көрсетуге дайын екенін жариялады.

Ресей президенті Хормозган облысындағы Шәһид Раджаи портында болған жарылысқа өкініш білдіріп, бірқатар адамдардың  қазасына байланысты Иран үкіметі мен халқына көңіл айтты. Иран Президенті сондай-ақ Ресей үкіметінің жанашырлық танытып, өрт сөндіру операцияларына қатысуына ризашылығын білдірді.