Ислам революциясының жетекшісі: Батыстықтар терроризммен күреске шынайы қарамайды
(last modified Tue, 24 May 2016 09:17:19 GMT )
Maм 24, 2016 15:17 Asia/Almaty
  • Ислам революциясының жетекшісі: Батыстықтар терроризммен күреске шынайы қарамайды

Ислам революциясының жетекшісі кеше түстен кейін Үндістанның Премьер-министрін қабылдауында: «Батыстықтар терроризммен күреске шынайы қарамайды. Олар Ауғанстан, Ирак пен Сирияда лаңкестік ағымдардың пайда болуына атсалысқан»,-деді.

Хазірет аятолла Хаменеи, өкінішке орай, исламның атымен байланыстырылатын терроризммен күресу ісінің мұсылмандар мен ислам елдеріне тапсырылуы тиістігін айтып: «Бірақ, бұл күреске АҚШ пен Батыстың саясаттарына бағынбайтын ислам елдері қатысуы тиіс, өйткені бағынатын елдер лаңкестікпен шынайы түрде күресуді мақсат етпейді»,-деп қуаттады.

Ислам революциясы жетекшісінің кеңсесі ақпарат сайтының хабарлауы бойынша, аятолла Хаменеи: «ИИР терроризммен күреске байсалды түрде қарап, өзінің барлық мүмкіндіктерін онымен күресуге жұмсайды»,-деп баса айтқан.

Ол терроризмді бір қауіпті жұқпалы ауру деп атап: «Кез-келген жұқпалы ауруды ауыздықтау мүмкіндігінің болатыны сияқты, терроризмге де қарсы тұрып, оны ауыздықтауға болады»,-деп мәлімдеді.

Ислам революциясының жетекшісі сөзінің жалғасында екі елдің әртүрлі салалардағы әріптестіктеріне тоқталып, мұнай-газ, лаңкестікпен күрес және Чабахар аймағын Иран мен Үндістанның терең де пайдалы әріптестігі үшін маңызды негіздердің қатарында атады.

Үндістанның Премьер-министрі Нарендра Моди де осы кездесуде Ислам революциясы жетекшісінің терроризм қатері мен онымен байсалды түрде күресу қажеттігі туралы сөздерімен келісіп: «Өкінішке орай, кейбір елдер терроризмді жақсы-жаман деп бөліп, онымен күресте құр сөзден аса алмай отыр»,-деді. Үндістанның Премьер-министрі исламның ғашықтық пен махаббат діні екенін және терроризммен ешқандай байланысының жоқтығын айтып: «Үндістан бірнеше жыл бұрын ислам елдерінің қатысуымен терроризммен күрес туралы халықаралық конференция өткізуді ұсынды. Бұл ұсыныс бірнеше Батыс елінің қарсылығына ұшырады»,-деп еске салды.

Тегтер