Иран өзінің шикізаттық емес экспортын арттыра алды ма?
ParsToday - Иранның шикізаттық емес экспорты өсті.
Иранның Сауда-саттықты дамыту ұйымының басшысы былай деп хабарлады: «1404 жылдың бірінші жартысында Иранның шикізаттық емес экспортының жалпы құны артты».
ParsToday ақпарат агенттігінің IRNA-ға сілтеме жасап хабарлауы бойынша, Иранның Сауданы дамыту ұйымының басшысы Мұхаммад Әли Дехқан Дехнави: «1403 жылдың алғашқы алты айында шикізаттық емес экспорттың жалпы құны 25 миллиард 922 миллион долларға тең болды, бұл 1404 жылдың алғашқы алты айында 25 миллиард 944 миллион долларға өсті»,- деп мәлімдеді.
Дехқан Дехнави: «Салмақ бойынша Иранның шикізаттық емес экспорты да 6 пайыздық өсім көрсетті. Оның айтуынша, 1404 жылдың бірінші жартысында Иранға импорттың құны 28 миллиард 367 миллион долларға жетті»,- деп айтты.
Ол Иранның сауда балансының айтарлықтай жақсарғанын айтып: «1403 жылдың алғашқы алты айында сауда балансы минус 7,5 миллиард долларды құрап, биыл бұл көрсеткіш 4 миллиард долларға жетіп, 68 пайыздық жақсаруды көрсетеді»,- деді.
Дехқан Дехнави ИИР үкіметінің жақсы көрсеткіштеріне тоқталып: «1403 жыл Иранның шикізаттық емес экспорты тарихында тамаша және бұрын-соңды болмаған жыл болды, өйткені шикізаттық емес экспорт өткен жылмен салыстырғанда 15,8 пайызға өсіп, Иран тарихында бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп, 57 миллиард долларға жетті»,-деді.