Киш аралына инвестиция тартудан Иранның Мали және Нигериямен экономикалық қарым-қатынастарын нығайтуға дейін
https://itolqyn.com/news/iran-i81676-Киш_аралына_инвестиция_тартудан_Иранның_Мали_және_Нигериямен_экономикалық_қарым_қатынастарын_нығайтуға_дейін
ParsToday - Парсы шығанағындағы Киш еркін аймағының бас директоры Кения және Беларусь елшілерімен ресми кездесулерінде экономикалық, туризм және инвестициялық ынтымақтастықтың кеңеюін құптады.
(last modified 2025-10-20T11:56:46+00:00 )
Қаз 19, 2025 16:57 Asia/Almaty
  • Киш аралына инвестиция тартудан Иранның Мали және Нигериямен экономикалық қарым-қатынастарын нығайтуға дейін

ParsToday - Парсы шығанағындағы Киш еркін аймағының бас директоры Кения және Беларусь елшілерімен ресми кездесулерінде экономикалық, туризм және инвестициялық ынтымақтастықтың кеңеюін құптады.

Иранның оңтүстігіндегі Киш еркін аймақ ұйымының бас директоры Мұхаммад Кабири Кения мен Беларусь елшілерімен жеке кездесулерінде Парсы шығанағындағы Киш аралының стратегиялық орнын қуаттап, аймақты туристер мен халықаралық инвесторлар үшін тартымды жер деп атады. ParsToday ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Кабири көлік, туризм және сыртқы сауда салаларындағы тиісті инфрақұрылымдарға сілтеме жасай отырып, әртүрлі елдермен өзара әрекеттесуді туристік алмасу, ортақ инвестиция тарту және сыртқы сауданы дамытудың негізі ретінде сипаттады. Кения мен Беларусь елшілері де ұсыныстарды құптап, жаңа байланыс бағыттарын құруға және әртүрлі секторларға инвестиция салуға қызығушылықтарын білдірді. Олар Киш аралын аймақтық нарықтарға шығу үшін қолайлы деп бағалады. Бұл кездесулердің негізгі тақырыптары туризм, экспорт және импорт салаларындағы ынтымақтастықты дамыту, тікелей тасымалдау бағыттарын құру және екі жақтың мүмкіндіктерін таныстыру болып табылады.

 

Иранның Мали мен Нигериядағы жаңа елшілері жұмысын бастады

Иранның Мали мен Нигериядағы жаңа елшілері Махмуд Хани Джоиабади мен Ғоламреза Махдави Раджа жұмысын бастамас бұрын Сейед Аббас Арақчимен кездесіп, жұмыс жоспарлары туралы есеп берді. ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, екі елші Иран Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчимен кездесуінде өздерінің жаңа қызметінде жүктелген міндеттерді орындауға арналған ұсынып отырған жоспары және әртүрлі салалардағы Теһран-Бамако екіжақты қарым-қатынастарының мәртебесі туралы есеп берді. Иран Сыртқы істер министрі сондай-ақ ИИР мен Африка елдері арасындағы қарым-қатынастардың маңыздылығына тоқталып, Иран-Финляндия қарым-қатынастарын, әсіресе экономикалық және сауда салаларында нығайту үшін талпыныс қажеттігін қуаттады.

 

Газадағы атысты тоқтатуға қарамастан Израильге қарсы заңды шағым беру жалғасуда

Оңтүстік Африка үкіметі сионистік режим мен палестиналық топтар арасындағы атысты тоқтату келісіміне қарамастан, Халықаралық сотта Израильге қарсы заңды шағым беру процесі жалғасатынын хабарлады. ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, бұл ел Газадағы соңғы оқиғалардың сот ісін жүргізуге әсер етпейтінін және Оңтүстік Африканың Израильді палестиналықтарға қатысты халықаралық міндеттемелерін бұзғаны үшін жауапқа тартуға бел байлағанын баса айтты.