Иран Сыртқы істер министрі: Біз зымырандарымызды шынайы шайқаста сынақтан өткіздік
https://itolqyn.com/news/iran-i81812-Иран_Сыртқы_істер_министрі_Біз_зымырандарымызды_шынайы_шайқаста_сынақтан_өткіздік
ParsToday - Иран Сыртқы істер министрі: «Біз сионистік режимнің Иранға қарсы он екі күндік соғысынан көп тәжірибе жинақтадық және зымырандарымызды шынайы шайқаста сынақтан өткіздік», - деді.
(last modified 2025-11-02T10:09:02+00:00 )
Қар 02, 2025 14:44 Asia/Almaty
  • Иран Сыртқы істер министрі: Біз зымырандарымызды шынайы шайқаста сынақтан өткіздік

ParsToday - Иран Сыртқы істер министрі: «Біз сионистік режимнің Иранға қарсы он екі күндік соғысынан көп тәжірибе жинақтадық және зымырандарымызды шынайы шайқаста сынақтан өткіздік», - деді.

Иранның Сыртқы істер министрі Сейед Аббас Арақчи «Әл-Жазира» арнасына берген сұхбатында Теһран сионистік режимнен кез келген дұшпандық әрекетті күтетінін атап өтіп, Иран кез келген жағдайға дайын екенін мәлімдеді. ParsToday Иран телерадио бірлістігі агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Арақчи былай деп қосты: «Біз 12 күндік соғыстан көп тәжірибе жинақтадық және зымырандарымызды шынайы шайқаста сынақтан өткіздік. Егер сионистік режим агрессивті әрекет жасаса, бұл оған ауыр зардаптар әкеледі».

Арақчи былай деп баса айтты: «Біз барлық деңгейде дайынбыз және Израиль болашақтағы кез келген соғыста тағы да жеңіліске ұшырайды». Иран Сыртқы істер министрі: «Израиль Иранның мұнай нысандарын нысанаға алу арқылы аймақтағы соғыстың ауқымын кеңейтуге тырысты. Біз Израильмен болған соғысты тамаша басқардық және оның аймақта таралуына жол бермедік».

Ол былай деп қосты: «Сионистік режим Американың рұқсатынсыз Иранға қарсы соғыс жүргізе алмас еді және Иранға қарсы соғыс бастамас еді. Нетаньяху соғыс қылмыскері және аймақ елдеріне нағыз жау Израиль екені дәлелденді».

Иран Сыртқы істер министрі: «Біз зымыран бағдарламамыз туралы келіссөздер жүргізбейміз және ешбір ақылды адам қарусыздануды қабылдамайды. Уранды байытуды тоқтату мүмкін емес, ал соғыспен алуға болмайтын нәрсені саясатпен беруге болмайды», - деді. Сейед Аббас Арақчи сөзін былай деп жалғастырды: «Біздің Вашингтонмен тікелей келіссөздер жүргізуге ниетіміз жоқ және жанама келіссөздер арқылы келісімге келе аламыз».

Арақчи сонымен қатар Иранның ядролық бағдарламасының бейбітшілікке бағытталғанын атап өтті. Иранның Сыртқы істер министрі snapback мәселеге қатысты былай деді: «Еуропалықтардың snapback механизмін іске қосуы заңсыз және Иранға қарсы санкциялар бойынша халықаралық бірлік жоқ. Иранның басымдығы - көршілес елдермен қарым-қатынасты нығайту және біз Батыспен ешқандай диктатсыз байланыс орнатуға дайынбыз».