Иранның жеке секторы Қазақстанмен экономикалық қарым-қатынасты нығайтуға дайын
ParsToday - Хамед Асгари Иранның жеке секторы Қазақстанмен экономикалық қарым-қатынасты нығайтуда маңызды рөл атқаруға толық дайын екенін мәлімдеді.
Иран Сауда палатасының халықаралық директорының орынбасары Хамед Асгари Президенттің және онымен бірге келе жатқан ірі бизнес делегациясының Қазақстанға алдағы сапарына тоқталып, Иранның жеке секторы осы елмен экономикалық қарым-қатынасты нығайтуда маңызды рөл атқаруға толық дайын екенін мәлімдеді. Асгари бұл сапарда 100-ден астам экономикалық белсендінің қатысқанын атап өтіп, мұны Иранның ынтымақтастықты нығайтуға деген табандылығының белгісі деп санады. Ол Иран палатасы мен министрліктер арасындағы бірлескен жұмыс арқылы ынтымақтастыққа қажеттілік пен мүмкіндіктер анықталғанын және сауда және инвестициялық жағдай туралы кешенді есеп дайындалғанын қосты. Оның айтуынша, ирандық компаниялар мен олардың қазақстандық әріптестері арасында инфрақұрылымдық және экономикалық жобаларды дамытуға көмектесетін 300 миллион еуродан астам сомаға үш өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.