Бахонар: 22-ші Бахман шерулері АҚШ интервенциясына «жоқ» деп айту болды
https://itolqyn.com/news/iran-i82784-Бахонар_22_ші_Бахман_шерулері_АҚШ_интервенциясына_жоқ_деп_айту_болды
ParsToday – Иран инженерлерінің ислам қоғамының бас хатшысы Мұхаммад Реза Бахонар Иран халқының 11 ақпандағы шеруі Американың интервенциялық саясаты мен қатыгез санкцияларына үлкен «жоқ» дегенді білдіргенін айтты.
(last modified 2026-02-14T12:33:15+00:00 )
Ақп 14, 2026 17:10 Asia/Almaty
  • Бахонар: 22-ші Бахман шерулері АҚШ интервенциясына «жоқ» деп айту болды

ParsToday – Иран инженерлерінің ислам қоғамының бас хатшысы Мұхаммад Реза Бахонар Иран халқының 11 ақпандағы шеруі Американың интервенциялық саясаты мен қатыгез санкцияларына үлкен «жоқ» дегенді білдіргенін айтты.

Иран инженерлерінің ислам қоғамының бас хатшысы Мұхаммад Реза Бахонар: «Иран халқының 11 ақпандағы шеруі Американың интервенциялық саясаты мен қысымшылық санкцияларына қарсы «жоқ» деген үндеу болды; Иран халқының қорқытуға бағынбайтыны және өз тағдырын шетелдік державалардың еркіне байламайтыны туралы айқын хабарлама»,- деді. Ол былай деп қосты: «Кейбіреулері күнкөріс мәселелерімен бетпе бет келуіне қарамастан, ұлттық мұраттарды табанды қалған адамдардың шеруге жаппай қатысуы ұлттың Ислам революциясына және біртұтас Иранды сақтап қалуына деген табандылығының іс жүзіндегі дәлелі болып табылады». Бахонар: «Соңғы апталарда кейбір диссидент парсы тілді БАҚ Иранның оқшауланған және үмітсіз бейнесін көрсетуге тырысты, бірақ 22 бахман шеруінің миллиондаған суреттері олардың әңгімесіне қатты күмән келтірді және Иран қоғамының талғам айырмашылықтарына қарамастан, өзінің егемендігі мен аумақтық тұтастығын сыртқы қауіптерден қорғайтынын көрсетті»,- деп сөзін жалғады.