«Шын уәде 4» операциясының 11-ші толқынына шолу: Американың 3 қырғи ұшағының құлауы
ParsToday - Жаудың исламдық Иранға қарсы шабуылының үшінші күні «Шын уәде 4» операциясының 11-ші толқыны Сақшылар корпусының теңіз және әуе-ғарыш әрекеттері тобымен америкалық-сионистік әскери нысаналарға қарсы әске асырылды.
ParsToday мәліметінше, Ислам революциясы Сақшылар корпусының мәлімдемесі бойынша, дүйсенбі күні Парсы шығанағындағы АҚШ барлау орталығы мен әскери қолдау қоймалары, Беер Сабадағы сионистік режим армиясының өнеркәсіптік кешені және басып алынған жерлердегі Тель-Авив, Батыс Құдс пен әл-Джалиль аймақтарының 20-дан астам нүктесіне ирандық зымырандар мен ұшқышсыз ұшақтар шабуыл жасады.
Бұл мәлімдемеде былай деп айтылды: «Иранның қарулы күштерінің ержүрек перзенттері соғыстың басынан осы күнге дейін АҚШ пен сионистік режимнің 60 стратегиялық нысанына және 500 әскери нүктесіне шабуыл жасап және 700-ден астам ұшқышсыз ұшақ пен жүздеген зымырандар атып, дұшпанның анықтау жүйесін сәтсіздікке ұшыратып, бүкіл 12 күндік соғыстағы рекордты өткен 48 сағаттың ішінде жаңартты.
Ислам революциясы Сақшылар корпусы бұдан бұрын «Шын уәде 4» операциясының 10-шы толқынында сионистік режимнің қылмыскер премьер-министрінің кеңсесі мен бұл режимнің армиясының әуе күштерінің басқару штабының мекеніне «Хейбар» зымырандарымен мақсатты шабуыл жасалғанын ИИР қарулы күштерінің ауыр соққы бергенін хабарлаған.
Американың құлаған қырғи ұшақтарыны саны 3 ұшаққа жетті
«Хатам әл-Анбия» базасы: «Американың құлаған қырғи ұшақтарыны саны 3 ұшаққа жетті. 3 америкалық қырғи ұшақ Иранның жергілікті әуе қорғаныс жүйесімен құлатылды»,- деп жариялады. Дүйсенбі таңертеңнен бері аймақтық ақпарат құралдарында құлаған қырғи ұшақтардың және олардың ұшқыштарының құтқарылғаны туралы көптеген бейнелер таратылды. Айта кететін жәйт, 27 жылдан кейін Американың бірінші қырғи ұшағы (F-15) Иранның қорғаныс жүйелерімен құлатылды.
Ливаннан Израильге қарсы 15 зымыран мен 8 ұшқышсыз ұшақ атылды
Сионистік режимнің 12 арнасы Хизболланың ИИР қолдап, Израильге қарсы 15 зымыран мен 8 ұшқышсыз ұшақ атқанын хабарлады.
Израильдің ірі энергетикалық жобасы жұмысын тоқтатты
Иранның басып алынған жерлер мен аймақтағы АҚШ базаларына қарсы зымырандық және ұшқышсыз ұшақтар шабуылының күшеюі аясында америкалық мүнай-газ «Шеврон» компаниясы «Лавитон» жобасындағы жұмысты тоқтату бұйрық алғанын хабарлады.
Ормуз бұғазында қатынас тоқтады
Басқа жағынан соғыстың үшінші күнінде және АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы бірлескен шабуылынан кейін қақтығыстардың күшеюінен кейін Парсы шығанағы мен айналасындағы порттарда кемәнде алты кеме тоқтады. Ормуз бұғазы тоқтады, әуе рейістер қауіпті жарияланды және кемелердегі мыңдаған жолаушылар не істерін білмей қалды.
Сауд Арабиясындағы «Арамкоға» байланысты мұнай өңдеу зауыты ұшқышсыз ұшақ шабуылы салдарынан жұмысын тоқтатты
Ұшқышсыз ұшақпен нысанаға алынған соң Сауд Арабиясындағы «Арамкоға» байланысты «Рас Танура» мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтатты. Рас Танура Сауд Арабиясының Шығыс провинциясындағы порт-қала. «Арамко» Сауд Арабиясындағы ұлттық компания. Мұнай мен табиғи газ қоры тұрғысынан әлемдегі ең құнды компанияларлың бірі саналады.