Әли Лариджани шәһид болды
https://itolqyn.com/news/iran-i83222-Әли_Лариджани_шәһид_болды
ParsToday- ИИР Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы мәдениет, ғылым және саясат саласындағы өмір бойы жиһадтан кейін қатыгез сионистік режимнің террорынан шәһид болу жоғары дәрежеге жетті. 
(last modified 2026-03-18T02:36:31+00:00 )
Нау 18, 2026 07:37 Asia/Almaty
  • Әли Лариджани шәһид болды

ParsToday- ИИР Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы мәдениет, ғылым және саясат саласындағы өмір бойы жиһадтан кейін қатыгез сионистік режимнің террорынан шәһид болу жоғары дәрежеге жетті. 

ИИР Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы және Иран Ислам Кеңісі Мәжілісінің бұрынғы төрағасы Әли Лариджани революция мен Иран үшін күресінің сыйын алып, шәһид болуы жоғары дәрежеге жетті.

 

Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшылығының мәлімдемесінің мәтіні:  

 

بسم الله الرحمن الرحیم

»مِنَ المُؤمِنینَ رِجالٌ صَدَقوا ما عاهَدُوا اللَّهَ عَلَیهِ ۖ فَمِنهُم مَن قَضىٰ نَحبَهُ وَمِنهُم مَن یَنتَظِرُ ۖ وَما بَدَّلوا تَبدیلا«

«Мүміндерден Аллаға деген уәделерін шындыққа шығарған ерлер бар: олардан кейбіреуі жанын құрбан қылды, кейбіреуі күтуде. Олар серттерін әсте ауыстырмады».

 

Құрметті және ұлы Иран халқы! 

«Алланың пендесі, Аллаға қосылды»
Шәһидтердің пәк рухтары, Алланың пендесі, шәһид доктор Әли Лариджанидің таза рухын қарсы алды. Ол Иран мен Ислам революциясының жолында өмір бойы күресіп, ақырында өзінің ежелден келе жатқан арманасына жетті, Алланың  шақыруын қабылдады және қызмет майданында шәһид болуы жоғары дәрежеге жетті және Рамазан шәһидтерінің имамы мүміндер басшысы хазірет Әлиге (ғ.с.), АҚШ пен Израилге қарсы жиһад керуенің шәһидтері аятолла Сейед Әли Хаменеиге, өзінің ұстазы шәһид аятолла Моттахаригн және шәһид жолдастары Сейед Хасан Насроллаға және қажы Қасым Сүлейманиге қосылды.

Ол өмірінің соңғы сәттеріне дейін Алланың сөзін жоғары санады және Иранның даңқы мен дамуын ойлап, әрқашан халқы мен басшыларды қанқұмар жауға қарсы бірлік пен ынтымаққа шақырды; ақырында, Рамазан айының сәресіңде перзенті Мұртаза, сондай-ақ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшылығының қауіпсіздік орынбасары Әлиреза Байят және бірнеше батыл оққағарымен бірге шәһид болды.

Ақиқат жолындағы күресшілерді жеңіс күтіп тұр және бұл азаматтардың шәһид болуы халық пен үмметті Алланың жолында қадам басқандардың жолын жалғастыруда одан да шешімді етеді. 

Шәһид болу жылдарға созылған жиһадтың сыйы.

Есімі мәңгілік, жолы жақтастарына толы болсын. 

فَانْتَقَمْنَا مِنَ الَّذِینَ أَجْرَمُوا ۖ وَکَانَ حَقًّا عَلَیْنَا نَصْرُ الْمُؤْمِنِینَ

«Содан кейін күнә жасаушылардан кек алдық және мүміндерге көмектесу – біздің мойнымыздағы әрқашан ақиқат міндет».

Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшылығы

27 эсфанд 1404 ж.

18 наурыз 2026 ж.