Барлық елдер ислам әлемінің негізгі мәселесіне оралу үшін талпыныс жасауы керек
(last modified Mon, 15 Feb 2016 16:06:21 GMT )
Ақп 15, 2016 22:06 Asia/Almaty
  • Барлық елдер ислам әлемінің негізгі мәселесіне оралу үшін талпыныс жасауы керек

Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы барлық ислам елдерінің өзара түсіністігімен ислам әлемінің негізгі мәселесіне, яғни Палестинаның жаулап алынуы мәселесіне қайтадан оралуы үшін жағдайдың жасалуына үміт білдірді.

Садық Хосейн Джабери Ансари ақпарат отырысында сөйлеген сөзінде: «Иран Ислам Республикасы исламдық үкіметтер мен ұлттардың ислам әлемінің өзекті мәселесіне ден қоюын қуаттап келеді.

Негізгі қауіп сионистік режим болып табылады. Осы режим өзінің лаңкестікке негізделген саясатын өткен он жылдықтарда толассыз жүзеге асырды» деді.

Джабери Ансари Ливан президенттігі жөніндегі Иранның тұрғысы туралы: «Ливан президенттігі тақырыбы сол елдің ішкі мәселесі болып табылады. Сондықтан оны ливандықтардың өздері шешуі керек» деді.

Джабери Ансари Сирия дағдарысы жөнінде де айтқан сөзінде оны өте шиеленісті деп атап: «Сирияның ұлттық әкімшілігін құрметтемей және осы елдің үкіметімен үйлестірілмей жасалған кез-келген шара дағдарыстың лаңкестік шаралар бағытында шиеленісе түсуіне соқтырады» деді.

Тегтер