Рухани «UNESCO» ұйымының мәдени ескерткіштерді сақтауға талпыныс жасауы қажеттігін қуаттады
ИИР президенті Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы «UNESCO»- нің лаңкестер тарапынан қатыгездіктің, әсіресе мәдени ескерткіштерді қиратудың алдын алу үшін мәдени мүмкіндіктерді пайдалануға талпыныс жасауын сұрады.
Иран президенті Хасан Рухани бейсенбі күні Парижде «UNESCO» ұйымының бас директоры Ирина Георгиева Боковамен кездесуде осы ұйымның аймақтағы мәдени ескерткіштерді сақтауға қатысты рөлі мен жауапкершілігін маңызды деп атап: «Барлық халықаралық органдар, әсіресе «UNESCO» Сирия мен Ирак сияқты елдерде адамзаттың осы бағалы мәдени туындыларын сақтап, қорғау үшін талпыныс жасауы керек» деді.
Президент әкімшілігінің ақпарат тарату торабының хабарлауынша, Рухани кездесуде сөйлеген сөзінің жалғасында: «Өкінішке орай, аймақтағы мәдени ежелгі ескерткіштер лаңкестер тарапынан жойылып, ойрандалып жатыр. Осы ескерткіштерді құрту мазхабтардың болмысын, мәдениеттер мен ой-пікірді бұзу болып табылады» деді.
«UNESCO» ұйымының бас директоры Ирина Георгиева Бокова ханым да осы кездесуде аймақтағы кейбір елдердегі мәдени мұралардың лаңкестер тарапынан қиратылуын ұйымдасқан әрекет және адамзаттың трагедиясы деп атап: «Лаңкестердің мақсаттарының бірі қоғамдардың бір- бірімен және өткенімен мәдени байланысын үзу болып табылады.
Лаңкестердің аймақтағы жастарды экстремистік шараларға қарай тартуға жасап отырған талпынысына байланысты «UNESCO» қазір жастарға көбірек ден қойып, осы тақырыпты қарастырып жатыр» деді.