Руханидің қатысуымен Махабад мұнай-химия кешені ашылды
https://itolqyn.com/news/iran-i8575-Руханидің_қатысуымен_Махабад_мұнай_химия_кешені_ашылды
ИИР президентінің қатысуымен Иранның солтүстік- батысында Махабад қаласының мұнай- химия кешені ашылды.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Maм 31, 2016 21:29 Asia/Almaty
  • Руханидің қатысуымен Махабад мұнай-химия кешені ашылды

ИИР президентінің қатысуымен Иранның солтүстік- батысында Махабад қаласының мұнай- химия кешені ашылды.

Иран президенті Хасан Рухани Батыс Әзірбайжан облысына қарасты Махабад қаласының тұрғындарымен кездесуден кейін Махабад мұнай-химия кешенін ашып, осы кешеннің түрлі бөлімдерін аралады.

Махабад мұнай-химия кешені мұнай-химия өнімдерін өндіру мен экспорттауды дамыту және Иранның газ қорын оңтайлы пайдалану үшін Иранның мұнай-химия өнеркәсібінің атсалысуы және жекеменшік бөлімінің қаржы салуымен қалыптасты. Махабад мұнай- химия кешені жылына 300 мың тонна полиэтилен және 30 мың тонна бутен өндіру қабілетіне ие.

Махабад мұнай-химия кешені қазірге дейін өз өнімдерінің бірнеше тиелімін шетелге экспортқа шығарған.