Рухани имам Хомейнидің дүниеден озуының жылдығы кешінде сөз сөйледі
Маусым 03, 2016 16:24 Asia/Almaty
ИИР Президенті «ислам революциясы», «ислам рсепубликасы» және «діни басшы» деген үш түсінікті имам Хомейнидің Иран халқына қалдырған үш тарихи жәдігері деп атады.
Иран Президенті Хасан Рухани ИИР-ның іргетасын қалаушы имам Хомейнидің дүниеден озуының жылдығы кешінде имамның қасиетті кесенесінде сөйлеген сөзінде: «Иран халқы имам Хомейнидің үш жәдігерін, сонымен бірге хазіреттің мақсаттары мен армандарын қорғауда біртұтас жігерге ие.
Бүгін исламдық Иранда барлық күштер аятолла Хаменеидің нұсқауларымен қадам басып, билік пен діни басшының арасында қашықтық жоқ. Исламдық Иранның дұшпандары Иранда қайшылық тудырып, арандату мақсаттарын өздерімен бірге көрге әкетеді»,- деп қуаттады.
Тегтер