Рухани: Ирандықтар әрдайым асқақ ой иесі болып, адамзатқа қызмет етеді
ИИР президенті "Ирандықтар әрдайым әлемнің барлық аймақтарында асқақ ой-пікір мен қабілет иесі болып, адамзатқа қызмет етеді" деді.
Президент әкімшілігінің ақпарат тарату торабының хабарлауынша, ИИР президенті Хасан Рухани сәрсенбі күні кешке Францияға жасаған сапарының жалғасында осы елде тұратын бір топ ирандықтармен кездескенде сөйлеген сөзінде Францияға сапар шегудің ислам революциясы күндерін еске түсіретіндігін айтып: «Ирандықтар тарих бойында әрдайым өзге ұлттармен әріптестік жасағанда олармен тәжірибе алмасумен қоса, осы тәжірибелерді үздік жетістіктерге айналдырып, әлемге ұсынды. Ирандықтар ғылым, білім, мәдениет және өркениетті өзге ұлттардан алып, оны жоғарылатып, әлемге ұсынды.
Иран халқының көмегімен және ойшыл жетекшінің жолнұсқауы, сонымен қатар Иран халқының бірлігімен өзіміздің ядролық құқығымызды түгелдей қорғай алдық. Біз «уран байыту сіздердің құқығыңыз емес» деп, оны тек өздерінің ғана тән құқығы санайтын кісілердің алдында уран байыту құқығымызды тұрақтандырумен қоса, байытылған ядролық заттарды коммерцияландыру құқығына да қол жеткіздік.
Егер Иранның еңбегі мен көмегі болмағанда бүгінде тек бір лаңкестік топ емес, бір лаңкестік үкімет аймақ елдерін билейтіндігіне ешкім әлемде шәк келтірмейді» деді.