Руханидің әлемдік қоршаған орта күніне байланысты үндеуі
Иран президенті 5- ші маусым - әлемдік қоршаған орта күніне байланысты үндеуінде барлық үкіметтік және жекеменшік аппараттардан әлемдік қауымдастықпен бірге Иранның табиғаты мен әлемнің қоршаған ортасын сақтау үшін талпыныс жасауды сұрады.
ИРНА- ның хабарлауынша, ИИР президенті осы үндеуде: "Соңғы жылдары адамдардың жалғыз бесігі - жер шары болашағының қауіпті бейнесі әлемдік қауымдастық пен үкіметтердің, ұйымдар мен құрылымдардың қауіпсінуіне себеп болып, ұжымдық талпыныс жасау арқылы қоршаған ортаны бүлдірудің кеңею үстіндегі үдерісін тоқтатуға әрекет жасауға итермеледі.
2030 жылға дейінгі тұрақты дамудың мақсаттары мен маңызды бағдарламалары ретінде климаттың өзгеруіне тосқауыл қою үшін Париж келісімі бекітілгенімен, осы келісімдердың қатарында бүлдіру мен жоюдың өзге бір түрі әлемнің түрлі аймақтарында, әсіресе Таяу Шығыста соғыс ашу қалпында орын алып отыр. Осының өзі ащы шындық және қоршаған орта үшін ескерту болып табылады.
Иран өзінің көне өркениеті мен ислам мәдениетінің арқасында әлемдік және аймақтық күрделі жағдайда қоршаған ортаны қорғау негізінде маңызды басты бағдарларының бірі ретінде әсерлі рөл атқара алады" деп мәлімдеді.