Ислам революциясы жетекшісінің Құранға сүйіспеншілік білдіру жиынында сөйлеген сөзі
Ислам революциясының жетекшісі Құран Кәрім сөзінің көркемдігін мұғжиза және оның жоғары да құнды таным-түсініктеріне қарай тартылу үшін ашылған есік деп атады.
Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи қасиетті рамазан айының бірінші күні өткен Құран Кәрімге сүйіспеншілік білдіру жиынында: «Рухани және діни тыныштық – Құран аяттарымен танысудан туындайтын берекелердің бірі. Бұл тыныштық адамның Аллаға деген иманын арттырады»,- деді.
Аятолла Хаменеи қазіргі жағдайда әлемнің Құран түсініктеріне бұрынғыдан көбірек мұқтаж екендігіне тоқталып: «Егер Құранның жоғары мағынасы адамдарға қазіргі тілмен айтылса, әсері көбірек болып, адамзаттың шынайы алға ілгерілеуі үшін жағдай тудырады. Өйткені ғиззат, құдырет, материалдық жағдай, рухани даму, сенімнің артуы, қуаныш пен рухани тыныштық Құранға сай ғамал ету арқылы қамтамасыз етіледі»,- деп баса айтты.
Аятолла Хаменеи сонымен бірге бүгінгі әлемдегі идеологиялық және діни тапшылыққа, сондай-ақ адамзаттың Құран түсініктерін қажет етуіне тоқталып: «Иманымыздың негіздерін нығайтып, Құран түсініктерімен адамдарды таныстырып, дүниеге таратуымыз керек. Егер бұл түсініктер әлемге таралса, Құран Кәрім әлемде негізгі, әсер етуші дін болып, алпауыт мемлекеттер мен олардың қару-жарақтары, сионистік режим еш нәрсе жасай алмайтын болады»,- деп қуаттады.