Руханидің Еуропа сапары аяқталып, Теһранға оралды
ИИР президенті Италия мен Францияға ресми сапары аяқталған соң бейсенбі күні кешке Парижден Теһранға оралды.
ИИР президенті Францияға жасаған ресми сапары барысында осы елдің президентімен кездесіп, екі елдің байланысын кеңейту жолдарын, екі жақты, аймақтық және халықаралық айдында екі елді қызықтыратын мәселелерді талқылап, ой бөлісті.
ИИР президенті Францияның алып компанияларының басшыларымен кездесіп, әңгімелесумен қоса Францияның саясаттану және халықаралық байланыстар саласының ойшылдары алдында баяндама жасады.
Мұнымен қатар Иран мен Франция үкіметтері арасында түрлі салада ортақ ынтымақтастықтар жасауға қатысты 20 құжатқа қол қойылды. Иран мен Францияның жекеменшік секторлары да 10 ортақ ынтымақтастық құжатына қол қойды. Иран президенті бастаған делегация да 14 ынтымақтастық құжатына қол қойды.