Ислам революциясының жетекшісі «жұмсақ соғыс» үдерісіндегі өлеңнің маңыздылығын қуаттады
Дүйсенбі күні кешке Иранның мәдени қайраткерлері, парсы әдебиетінің ұстаздары, Иранның жас ақындары мен танымал тәжірибелі ақындары, сонымен бірге Пәкістан, Үндістан мен Ауғанстаннан келген бірқатар ақындар Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеимен кездесті.
Ислам революциясының жетекшісі өткір әрі мағыналы поэзияны дамыту қажеттілігіне тоқталып: «Осы кезде Палестина, Йемен, Бахрейн, қасиетті қорғаныс, соғыс шәһидтері, қасиетті кесенелерді қорғаған шәһидтер немесе езгіге түскен Нигерияның ержүрек азаматы шейх Закзаки туралы өткір өлеңдер айтылуда, бірақ, өкінішке орай, адамға әсерін тигізетін өлеңдер дұрыс таныстырылып, таратылмайды. Бұл саладағы жасалып жатқан жұмыстар жеткілікті емес. Бүгінгі «жұмсақ соғыс» пен саяси, мәдени және қауіпсіздік салаларындағы соғыстар майданында ой-пікірлер мен жігерлер бетпе-бет келіп отыр. Бұл күрестің негізгі құралдарының бірі – өлең»,- деп баса айтты.
Ислам революциясы жетекшісінің ақындар мен поэзия және проза саласының майталмандарымен кездесуіндегі сөзі өлеңнің өнерпаздардың қоғамның күнделікті өмірін, тіпті тарихын баяндауындағы әсерінің маңыздылығын көрсетеді. Өлең өзінің әдеби тәсілі және мазмұнымен көбінесе қоғамдық, рухани салаларға, ерлік жасауға әсерін тигізіп, тіпті саяси мәселелерді де сынайды. Өлең мен тіл басқа мәдени құндылықтар сынды халықтар мен мәдениеттерді жақындатады. Әсерлі өлең өзінің құнды мазмұнымен адамзаттың мақсаттарын түсінуге көмектесе алады. Сағди мен Хафиз сынды ирандық әйгілі ақындардың өлеңдері әлемнің әртүрлі елдерінде, соның ішінде Үндістан мен Пәкістанда танымал болғандай, Эқбал Лахуридің өлеңдері де Иран мен басқа елдерге де таралған.
Поэзия Иранда өткен бірнеше онжылдықта қасиетті қорғаныс сынды үлкен оқиғалар мен елдің мәселелеріне қатысатын болды. Бұл салада Сардашт пен Халабджедегі химиялық қарудың қолданылуы сынды тақырыптарға арнаған өлеңдер көптеген қиындықтар мен мәселелер туралы баяндап, әлемдіктерге дене түршіктірерлік шындықты жеткізеді.
Шын мәніде, бүгінгі соғыс – «жұмсақ соғыс». Жер-жерде саяси және мәдени күрес жүргізілуде. Мұндай жағдайда поэзия әсерлі құрал ретінде өз міндетін атқаруы қажет.
Осы кезде Батыстың ақпарат құралдары дүниежүзінің үгіт-насихат кеңістігін бақылауға алып отырған үстем құдыреттердің қолында. Палестина, Йемен, Бахрейн және әлемнің көптеген аймақтарында адамдар рақымсыз басылып-жаншылып, қырылуда. Тіпті, Еуропа мен АҚШ-тың қақ ортасында қара нәсілділер мен мигранттарға қарсы зорлық-зомбылық жасалуда. Адам құқығы туралы уәж айтушылар үнсіз қалып отырған жағдайда поэзия барлық ащы шындықты жеткізе алады. Құндылықтарға сүйенген өлең бейқамдықты сынап, шындықтарды әшкерелей алады. Бұл – Ислам революциясы жетекшісінің ақындарға арнап айтқан сөзіндегі маңызды мәселе. Аятолла Хаменеи «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасына қатысты АҚШ-тың қиянаттарын халыққа жеткізуді өлеңдердің тақырыптарының бірі болуы мүмкін деп атап: «Саясаткерлермен бірге өнерпаздар, әсіресе ақындар шындықты қоғамдық пікірге жеткізуге міндетті»,- деді.
Осыған орай өлеңнің маңыздылығын түсініп, оны әсер ететін құбылыс ретінде тарату қажет.