Террор - Қазақстанның ішкі мәселесі
(last modified Sat, 23 Jul 2016 08:44:05 GMT )
Шіл 23, 2016 14:44 Asia/Almaty
  • Террор - Қазақстанның ішкі мәселесі

Қазақстанның Бас прокуроры осы елде таяуда орын алған қарулы әрекеттерді елдің ішкі мәселесі деп атады.

«Ахар. аз» сайтының мәліметі бойынша, Жақып Асанов Астанада өткізген ақпарат отырысында бүгінде террордың әлемдік қауіпке айналғанын айтып, Қазақстанның тез арада елдегі террордың тамырын жоятынын қуаттаған.

Қазақстанның Бас прокуроры, сондай-ақ, үкіметтің елдің ішіндегі лаңкестіктің факторларын жоюды жоспарлап отырғанына тоқталып, теракттердің көбінің қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік күштері тарапынан анықталып, залалсыздандырылатынын баса айтты.

Жақып Асанов сөзінің соңында соңғы 5 жылда елде 144 полиция қызметкерінің өлтірілгенін мәлімдеді.