Қазақстанда байытылған уранның тұңғыш әлемдік банкінің құрылысы басталды
(last modified Sat, 27 Aug 2016 16:50:30 GMT )
Там 27, 2016 22:50 Asia/Almaty
  • Қазақстанда байытылған уранның тұңғыш әлемдік банкінің құрылысы басталды

Төменгі пайызбен байытылған уранның тұңғыш әлемдік банкінің құрылысы Қазақстанның солтүстік шығысындағы бір аймақта басталды.

Тәжік тіліндегі радионың «Фарс» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Қазақстанның Энергетика министрлігі басшыларының бірі Тимур Женткин Қазақстанның байытылған уран банкін Өскемен қаласында салатынын  мәлімдеп: «Өткен күні осы банкті салудың алғашқы шаралары 600 шаршы метр көлеміндегі жерде басталды. Орталықты салудың 2 млрд долларлық шығынын Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі қамтамасыз етеді» деді.

Қазақстан үкіметі өткен жылы мамыр айында төменгі пайызбен байытылған уран банкін құру келісімшартын Атом Қуаты Халықаралық Агенттігімен бекітті.

Аталмыш банк Атом Қуаты Халықаралық Агенттігіне мүше елдерге бейбіт атомдық энергияны пайдалану үшін өз керек- жарағын осы орталықтан алуға рұқсат етеді.