Қазақстан Парламентінде лаңкестікпен күрес заңының жобасын талқылау басталды
(last modified Thu, 08 Sep 2016 13:56:30 GMT )
Қыр 08, 2016 19:56 Asia/Almaty
  • Қазақстан Парламентінде лаңкестікпен күрес заңының жобасын талқылау басталды

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан Парламентінің Сыртқы, қорғаныс және қауіпсіздік істері жөніндегі комитетінің басшысы Мәулен Әшімов сәрсенбі күні: «Осы жобаны қарастырудағы мақсат лаңкестікпен күрес және қару-жарақ контрабандасымен күрес заңы мен миграцияға қатысты ережелерге өзгеріс енгізу болып табылады»,-деді.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  1 қыркүйекте осы елдің барлық мемлекеттік органдарының лаңкестердің қоқан-лоққыларына қарсы тұруға дайын болу қажеттігін айтып, ел Парламентінен тиісті заңнамалық шараларды атқаруды сұраған болатын.

Осы мәлімет бойынша, 2016 жылы 5 маусымда Ақтөбе қаласында қарулы топтың екі қару-жарақ дүкені мен бір әскери бөлімшеге шабуылы салдарынан 25 адам қаза тапты.

Қазақстан қайраткерлері бұл шабуылдарды лаңкестік әрекеттер деп атады.    

Тегтер