ҚР Елбасы Қорғаныс және әуе-ғарыш өнеркәсібі министрлігін құру туралы жарлық шығарды
(last modified Sat, 08 Oct 2016 13:46:08 GMT )
Қаз 08, 2016 19:46 Asia/Almaty
  • ҚР Елбасы Қорғаныс және әуе-ғарыш өнеркәсібі министрлігін құру туралы жарлық шығарды

Қазақстан Елбасы осы елдің қайраткерлеріне Қорғаныс және әуе-ғарыш өнеркәсібі министрлігін құруды тапсырды.

Нұрсұлтан Назарбаев 6 қазан күні Қорғаныс және әуе-ғарыш өнеркәсібі министрлігін құру туралы бұйрық шығарғаннан кейін Қорғаныс және әуе-ғарыш өнеркәсібі министрлігінің басты міндетін Астананың қорғаныс өнеркәсібі мен әуе-ғарыш және электрондық өнеркәсібі, ақпараттық қауіпсіздік, соның ішінде, киберлік қауіпсіздік салаларындағы саясаттарын анықтап, жүзеге асыру, бірыңғай әскери-техникалық саясат пен әскери-техникалық ынтымақтастықты жүргізуге қатысу, сондайақ, қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру деп атады.

Қазақстанның Елбасы  өткен бір жыл ішінде елдің түрлі ұйымдарында көптеген өзгерістер орын алған жағдайда осы министрлікті құруға бұйрық берді. Бұл өзгерістердің қатарында Назарбаевтың өткен мамыр айында елде Ақпарат және байланыс министрлігін құру туралы бұйрығын атап айтуға болады. Одан кейін де 2016 жылы қыркүйек айында Қазақстанның Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігін құру мәселесі көтерілді. Сонымен қатар, 2016 жылы Қорғаныс және әуе-ғарыш министрлігін құру бұйрығын бермес бұрын үкіметтің жасаған соңғы әрекеті Дін істері және азаматтық қоғам министрлігін құру туралы бұйырды. 

Осы бұйрықтардан Астана үкіметінің түрлі саяси, экономикалық, әлеуметтік, тіпті қауіпсіздік және ақпараттық мақсаттар және қоғам мен түрлі үкіметтік ұйымдарда мақсатты түрде өзгеріс енгізуде көздеп отырғаны көрінеді. 

Егер Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Ақпарат және байланыс министрілігін құрудың мақсаты қоғамды экстремизм мен діни догматизмнен алшақтату және экстремизмнің белгілері мен ықтималды лаңкестік әрекеттермен күресу болса,  Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік құру жоспары қоғамның әлеуметтік және экономикалық  жағдайына көмектесу мақсатында Астана үкіметінің күн тәртібіне қойылды.

Осы арада Астана үкіметі мен Назарбаевтың мақсаттарының бірі болып табылатын Қорғаныс және әуе-ғарыш өнеркәсібі министрлігін құру мәселесін  Қазақстан президентінің құрылымдық шешімдерінің бірі деп атауға болады.

Қорғаныстық іс-әрекеттер бөлімінде қазіргі аймақтық және халықаралық өзгерістер мен аймақтық елдердегі қауіпсіздікке төніп тұрған түрлі қатерлер шарықтап тұрған кезде елдің қорғаныстық қабілетін нығайту қажеттігі мәселесі туындап отыр. Алайда Қазақстан Елбасының басқа да бұйрықтары арасында шығыны көп болғандықтан әуе-ғарыш өнеркәсібін құру мәселесі өзіне ерекше назар аудартады. 

Өткен наурыз айында Ресейдің жұмыс тәртібіне әуе-ғарыш бағдарламаларының бюджетін қысқарту мәселесі енгізілді. 2016-2025 жылдарға болжанған Ресейдің әуе-ғарыш бағдарламаларының бюджетін 30 пайызға қысқарту осы өнеркәсіптің шығынының көп екенін көрсетеді. 

Осындай жағдайда Астана басшысының қорғаныстық функция атауымен әуе-ғарыш өнеркәсібін құру шешімі бәрінен бұрын саяси орталардың назарын өзіне аудартты.

Сол себепті, кейбір бақылаушылар Ресей мен Қазақстан басшыларының әуе-ғарыш бөліміндегі жуырдағы келісімін назарға алып, ресейлік тараптың осы бөлімге арналған бюджетті азайтып, қазақстандық тараппен келісімді реттеу арқылы іс жүзінде өз өнеркәсібінің осы бөліміндегі зерттеу, барлау және жүзеге асыру жұмыстарының шығынын қазақстандық тарапқа артып қойғанын айтып отыр. 

Қазақстан да әуе-ғарыш өнеркәсібіне ие елдердің қатарына қосылып, өзінің халықаралық беделін жоғарылатумен қатар аймақтық және халықаралық қатынастарда ресейлік тараптың сеніміне ие болуға мүдделі. 

Бұдан бұрын Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің әуе-ғарыш саласындағы тәжірибелерін пайдалану шешімі туралы айтқан болатын. Ресей мен Қазақстанның 2013 жылы "Протон" зымыран-тасығышын ұшырудағы ынтымақтығы осы аяда бағаланады. "Протон" зымыран-тасығышы - үкіметтік және сауда жүктерін таситын ресейлік ең ірі тасығыш болып саналады. Осы ынтымақтастықтың келесі бір үлгісін Ресей мен Қазақстанның Байқоңыр кешенін зымырандарды, соның ішінде, "Протон" зымыран-тасығышын ұшыру үшін үш жыл мерзімге ортақ қолдану келісімінен көруге болады. 

Бұл жағдайлар Ресейдің әуе-ғарыш өнеркәсібің жұмыстарының шығынын Қазақстанға таңуы туралы болжамды растап отыр.