Назарбаев Қазақстанда лаңкестікпен күресті күшейту заңына қол қойды
(last modified Sat, 24 Dec 2016 16:28:13 GMT )
Жел 24, 2016 22:28 Asia/Almaty
  • Назарбаев Қазақстанда лаңкестікпен күресті күшейту заңына қол қойды

Қазақстан республикасының Елбасы осы елде "Лаңкестік және әсірешілдікпен күресті күшейту" туралы заңға қол қойды.

"Фарс" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан республикасының Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы елде лаңкестік және әсірешілдікпен күресті күшейту туралы заң жобасына қол қойды.

Осы мәлімет бойынша Қазақстанда әсірешілдік және лаңкестікпен күресуге қатысты шешімдерге кейбір өзгерістер мен түзетулер енгізудегі мақсат лаңкестік және әсірешілдікпен күрес, қару саудасы және осы елдегі миграцияны ретке келтіру негізінде жаңа заңдарды жақсарту деп аталған.

Осы заң жобасына сәйкес, лаңкестікке қатысты қылмыстар және әсірешілдік әрекеттер үшін жазалау жауапкершілігі күшейтіліп, қару мен есірткі заттар контрабандасына қатысты қылмыстар мен заңсыз миграция жөнінде осы елдің сот заңдарына жаңа жазалау шаралары енгізіледі.

Сондай-ақ Қазақстанда қолдану үшін дайын қарулар сатылымына тыйым салынып, қару қоры мен жарылғыш заттар қоймаларын күзететін қауіпсіздік ұйымдары мен қару мен оқ дәрі сататын орындарға бақылау күшейтілетін болады.

Осы заң жобасы бойынша сондай- ақ әсірешілдік пен лаңкестікті таратушы топтар мен діни қоғамдардың қызметіне тыйым салынады.