Астананың Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болудағы мақсаты – әлемде бейбітшілік пен тұрақтылық орнату
(last modified Wed, 11 Jan 2017 14:55:46 GMT )
Қаң 11, 2017 20:55 Asia/Almaty
  • Астананың Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болудағы мақсаты – әлемде бейбітшілік пен тұрақтылық орнату

Қазақстан республикасының Елбасы Астананың Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болудағы мақсатын әлем мен аймақта бейбітшілік пен тұрақтылық орнату деп атап: «Қазақстан мемлекеттер арасындағы кез-келген қақтығыстың алдын алуға дайын» деді.

"Фарс" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан республикасының Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы елдің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне бір жылдық мүшелігінің басталуына орай сөйлеген сөзінде: «Астана осы мерзім ішінде қауіп-қатерлер мен соғыстың алдын алу үшін барынша талпыныс жасайды.

Қазақстан әлем мен аймақта бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуды көздейді. Қазақстан аймақ пен әлемдегі мемлекеттер арасындағы кез- келген қақтығыстың алдын алуға дайын.

Бейбітшілікке қол жеткізу және бүкіл әлемде соғыстың алдын алу адамзат пен әлем халқының 21- ші ғасырда өмірлерінің жалғасуының қажеттілігі  болып табылады.

Астана БҰҰ-на мүшелігі кезінде Палестина мен сионистік режимнің арасындағы кикілжіңді бейбіт жолмен шешуге, Таяу Шығыс дағдарыстары мен Ауғанстан, ТМД елдерінің бірлігіне, Корея түбегіндегі текетіресті азайту және Африка мен Азиядағы дағдарысты шешуге бағалы үлес қосуды мақсат етіп отыр» деді.