Қаң 23, 2017 14:31 Asia/Almaty
  • Джабер Ансари мен Стаффан де Мистура Астана отырысынан бұрын кеңес өткізді

ИИР Сыртқы істер министрінің Араб және Африка істері жөніндегі орынбасары БҰҰ-ның «сириялық-сириялық» диалогын жеңілдетуде белсенді рөл атқаруы қажеттігін қуаттады.

ИИР Сыртқы істер министрінің Араб және Африка істері жөніндегі орынбасары Хосейн Джабер Ансари жексенбі күні кешке Қазақстанның елордасы Астана қаласында БҰҰ-ның Сирия істері бойынша арнайы өкілі Стаффан де Мистурамен кездесіп, Сириядағы соңғы өзгерістерді талқылады.

ИИР-ның Астана отырысына қатысуға жіберген делегациясының жетекшісі осы кездесуде БҰҰ-ның «сириялық-сириялық» диалогын жеңілдетуде белсенді рөл атқаруы қажеттігін қуаттап: «Иран, Ресей мен Түркия елдері Сирияны қолдау халықаралық тобының (ISSG) орнын баспайды»,-деді.

Стаффан де Мистура да осы кездесуде БҰҰ-ның Сирия үкіметі мен осы елдің қарулы топтарының Астана отырысындағы диалогын жеңілдетуге дайын екенін айтып, бұл отырыстың атысты тоқтату бітімін нығайтып, Сирия дағдарысын бейбіт жолмен шешуге жағдай жасауға көмектесетіндігіне үміт білдірді.

Иран, Ресей мен Түркия делегациялары  сенбі күннен бастап жексенбінің кешіне дейін Астананың «Марриот» қонақ үйінде екіжақты және үшжақты бірнеше кездесу өткізіп, келіссөздердің сәтті өту мүмкіндігін арттыру үшін көбірек үйлестіру жұмыстарын жасау жайлы кеңесіп, соның барысында Сирияның қарулы наразы топтары мен қарусыз саяси наразыларының Астана отырысына қатысу бағдарламасын бекітті.

Осындай жағдайда сириялық қарсыластар: «Астана келіссөздерінде тек атысты тоқтату бітімін жалғастыру және көмек жеткізу мәселелері талқыланады. Ал саяси мәселелер қозғалмайды»,-деп мәлімдеді.

 

Тегтер