Астанада Сирия бейбітшілік келіссөздері отырысының қорытынды мәлімдемесі жарияланды
(last modified Tue, 24 Jan 2017 15:31:55 GMT )
Қаң 24, 2017 21:31 Asia/Almaty
  • Астанада Сирия бейбітшілік келіссөздері отырысының қорытынды мәлімдемесі жарияланды

Қазақстанның елордасы Астанадағы Сирия бейбітшілік келіссөздеріне қатысушы тараптар өздерінің қорытынды мәлімдемесінде Сирияның жер тұтастығын қолдауды және лаңкестермен күресуді қуаттады.

Астанадағы Сирия бейбітшілік келіссөздері отырысының қорытынды мәлімдемесін Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов оқыды. Мәлімдемеде: «Осы келіссөздер Сирия үкіметі мен сириялық қарсыластар арасындағы тікелей келіссөзді бастаудың кіріспесі болмақ. Астана отырысының Женева келіссөздерінің табысында үлесі болады. Барлық тараптар лаңкестік топтармен, соның ішінде ДАИШ және "ән- Носрат майданымен" (Фатх әш - Шам) күресуге міндеттеме қабылдады» деп қуатталды.

Астана отырысының қорытынды мәлімдемесінде сондай-ақ Қауіпсіздік Кеңесінің №2318 және №2254 қарарлары бойынша Сирияда билікті өткізу мақсатында механизмге қол жеткізу үшін саяси келіссөздерді жалғастыруға сілтеме жасалған.

Сондай-ақ осы мәлімдеме бойынша Сирияның барлық жерінде атысты тоқтату және ымыра шартының дұрыс орындалуын қадағалау үшін бақылаушы делегация құруға келісілді. Астана отырысының қорытынды мәлімдемесінде 2017 жылы 8-ші ақпанда БҰҰ-ның қадағалауымен Женевада Сирияның саяси келіссөздерін қайтадан бастау қуатталды.

Сирия дағдарысы туралы келіссөздер дүйсенбі күні Астанада Иран ислам республикасы, Ресей және Түркияның бастамасымен басталып, сейсенбі күні түстен кейін аяқталды.