Астанада Сирия бейбітшілік келіссөздері басталды
Ақп 06, 2017 21:31 Asia/Almaty
Қазақстан СІМ дүйсенбі күні Қазақстанның елордасы Астанада Сириядағы атысты тоқтату шартын қадағалау ісін қарастыру үшін Ресей, Иран және Түркияның қатысуымен мамандандырылған отырыс өткенін хабарлады.
Қазақстан СІМ-нің ақпарат хатшысы осы отырыста Сирия үкіметінің қарулы қарсыластары тарапынан атысты тоқтату және оны қалай іске асыру жөнінде пікірталас өткенін мәлімдеді.