Қазақстанда әсірешілдік және лаңкестікпен күрес күшейтіледі
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астананың экстремистік идеологияларға қарсы имунитетін арттыру үшін әсірешілдік және лаңкестікпен күрес бағдарламасын жариялады.
"Фарс" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2017-2020 жылдар үшін діни әсірешілдік және лаңкестікпен күрес жөніндегі үкіметтік бағдарлама жариялады.
Агенттіктің мәліметі бойынша, бағдарламалар Қазақстан азаматтарының арасында әсірешілдіктің етек жаюының алдын алу негізінде құзырлы қайраткерлер мен халық арасындағы үйлесімділікті көбейтуді көздейді.
Бағдарламаның мақсаты діни әсірешілдік пен лаңкестіктің алдын алу әдістерін жақсарту және экстремистік идеологияларға қарсы қоғамның имунитетін нығайту болып табылады.
Бағдарлама үкіметтік, тәртіптік және қауіпсіздік системаларды жақсарту арқылы діни әсірешілдік пен лаңкестіктің кеңеюінің алдын алуды кқздейді.
Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бағдарламасы Қазақстан республикасының Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылғы үндеулерінің бірінде әсірешілдердің насихаттарымен күресті талап етуіне орай жасалып жатқан шаралардың бірі болып табылады.