Қазақстандағы Иран Елшілігі Ислам революциясы жеңісінің жылдығын атап өтті
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i24215-Қазақстандағы_Иран_Елшілігі_Ислам_революциясы_жеңісінің_жылдығын_атап_өтті
Қазақстандағы Иран Елшілігі Астана қаласында Ислам революциясы жеңісінің 38-ші жылдығын Қазақстанның саяси-экономика мен мәдениет саласының қайраткерлері мен Қазақстанда тұратын ирандықтардың қатысуымен атап өтті.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Ақп 11, 2017 16:27 Asia/Almaty
  • Қазақстандағы Иран Елшілігі Ислам революциясы жеңісінің жылдығын атап өтті

Қазақстандағы Иран Елшілігі Астана қаласында Ислам революциясы жеңісінің 38-ші жылдығын Қазақстанның саяси-экономика мен мәдениет саласының қайраткерлері мен Қазақстанда тұратын ирандықтардың қатысуымен атап өтті.

Иран Телерадио бірлестігінің әлемдік қызмет торабы тілшісінің хабарлауы бойынша, ИИР-ның Қазақстандағы елшісі Мұджтаба Дамирчилу жұма күнгі рәсімде сөз сөйлеп, хазірет имам Хомейни (р.) бастаған Иран Ислам революциясының жеңісін тарихтағы бірегей өзгеріс деп атап, оның Иранда мұрагерлікпен өтетін шах жүйесін жойып, ислам дінінің тағылымдарына негізделген демократиялық жүйенің қалыптасуына себеп болғанын айтты.

Қазақстанның Даму және инвестиция министрі әрі Қазақстан-Иран ортақ экономикалық комиссиясының төрағасы Жеңіс Қасымбек те Иран Ислам революциясы жеңісінің жылдығымен құттықтап, ИИР-ын Қазақстанның сауда-экономикалық саладағы  маңызды стратегиялық серіктесі деп атады.