Қазақстанда монополияға қарсы халықаралық форум өтеді
Қазақстанның байланыстар орталық қызметінің ресми өкілі осы елде Еуразия Экономикалық Одағының монополияға қарсы халықаралық форумы өтетінін хабарлады.
"Фарс" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның байланыстар орталық қызметінің ресми өкілі Марат Жұманбай баспасөз конференциясында: «2017 жылы 16-17 ақпанда Алматы қаласында монополияға қарсы халықаралық форум өтеді. Осы форум Еуразия Экономикалық Одағына мүше елдер арасында таза бәсеке кеңістігін қалыптастыру мақсатында өтеді.
Осы форумға Еуразия Экономикалық Одағының сот өкілдері, Еуразия Экономикалық комиссиясы, мүше елдердің монополияға қарсы құрылымдары мен ғылыми және экономикалық мамандары қатысады» деді.
Қазақстанның байланыстар орталық қызметінің ресми өкілінің айтуынша, осы форумда Еуразия Экономикалық Одағына таза бәсеке кеңістігін қалыптастыруға қатысты барлық мәселелер, соның ішінде үстемшілдікті тану және оның түрлі қырларын алып тастау талқыға салынып, пікір алмасу болады.