Қазақстанның елордасында лаңкестікке қарсы жаттығулар басталды
Ақп 13, 2017 22:44 Asia/Almaty
Қазақстанның елордасы Астана қаласының әкімі осы қалада лаңкестікке қарсы жаттығулардың басталғанын хабарлады.
Қазақстанның елордасы Астана қаласы әкімшілігінің ақпарат торабы осы қалада лаңкестік әрекеттердің алдын алу мақсатында лаңкестікке қарсы жаттығулардың өтетінін хабарлады. Жуырда Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматының 15 тұрғынының экстремистік және лаңкестік айыппен құрықталғанын хабарлады. Олардың үйін тінту кезінде граната, қару, экстремистік мазмұндағы электрондық жабдықтар табылды. Қазақстанда әсірешілдікпен күрес маусым айының бас кезіндегі Ақтөбедегі лаңкестік шабуылдардан кейін күшейтілді.
Тегтер