Астанада Сирияның бейбітшілік келіссөздері аяқталды
(last modified Fri, 17 Feb 2017 13:47:34 GMT )
Ақп 17, 2017 19:47 Asia/Almaty
  • Астанада Сирияның бейбітшілік келіссөздері аяқталды

Ресейдің қолдауымен Қазақстанның елордасы Астана қаласында өткен Сирияның бейбітшілік келіссөздері бейсенбі күні аяқталды.

Астана келіссөздері бейсенбі күні сириялық қарсыластардың келісімгер тобының кеш келуі салдарынан белгіленген уақыттан бір күн кеш өткізілді.  Қаңтар айында өткен Астана келіссөздерінің бірінші кезеңінде Ресей, Түркия мен Иран  қарулы қарсыластар мен Сирия үкіметі күштері арасында атысты тоқтату бітімін орнатты.

Ирандық делегацияның басшысы Хосейн Джабер Ансари Сирия туралы Астана  келіссөздерінің үшінші кезеңінде: «Сирияның аумақтық тұтастығы мен ұлттық егемендігін сақтау және халықтың өз елінің тағдырын анықтауға құқығы –  осы елдің дағдарысын шешудің негізгі принциптерінің бірі. Астана диалогының мақсаты Сирияда бейбітшілік пен қауіпсіздік орнату үшін «сириялық-сириялық» келіссөздерін жеңілдету болып табылады. Иран, Сирия, Ресей мен Түркия осы келіссөздердің негізін қалаушы ретінде Сирия дағдарысын шешу үшін айтарлықтай сәттілікке қол жеткізді. Иран, Ресей мен Түркияның Астана келіссөздерін өткізу үшін жасап жатқан талпыныстары халықаралық қауымдастықтың бұрынғы шараларының орнын баспайды, тек  толықтыра түседі»,-деді.