Иран Сирия туралы Астана отырысында айқын ұстанымын білдірді
(last modified Fri, 17 Feb 2017 14:02:38 GMT )
Ақп 17, 2017 20:02 Asia/Almaty
  • Иран Сирия туралы Астана отырысында айқын ұстанымын білдірді

ИИР Сыртқы істер министрінің Араб және Африка істері жөніндегі орынбасары Сирия туралы Астана келіссөздерінің үшінші кезеңінде Сирияның аумақтық тұтастығы мен егемендігін сақтауды осы елдің дағдарысын шешудің негізгі принципі деп атады.

Сирия туралы Астана  келіссөздерінің үшінші кезеңіне ирандық делегацияны бастап барған Хосейн Джабер Ансари: «Сирияның аумақтық тұтастығы мен ұлттық егемендігін сақтау және халықтың өз елінің тағдырын анықтау құқығы –  осы елдің дағдарысын шешудің негізгі принциптерінің бірі.

Астана диалогының мақсаты Сирияда бейбітшілік пен қауіпсіздік орнату үшін «сириялық-сириялық» келіссөздерін жеңілдету болып табылады. Иран, Сирия, Ресей мен Түркия осы келіссөздердің негізін қалаушы ретінде Сирия дағдарысын шешу үшін айтарлықтай сәттілікке қол жеткізді Иран, Ресей мен Түркияның Астана келіссөздерін өткізуге талпыныстары халықаралық қауымдастықтың бұрынғы шараларының орнын баспайды, тек  оларды толықтырушы саналады»,-деді.