2016 жылы Қазақстанда 37 000 мигрант жұмыспен қамтылды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i24440-2016_жылы_Қазақстанда_37_000_мигрант_жұмыспен_қамтылды
Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, 2016 жылы қазақстандық жұмыс берушілердің мигранттарды қызметке алуы үшін 36793 рұқсатқағаз берілген.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Ақп 18, 2017 21:10 Asia/Almaty
  • 2016 жылы Қазақстанда 37 000 мигрант жұмыспен қамтылды

Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, 2016 жылы қазақстандық жұмыс берушілердің мигранттарды қызметке алуы үшін 36793 рұқсатқағаз берілген.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қазақстандық жұмыс берушілер 2016 жылы Қытай елінен 12 699, Түркиядан 3502 адамды, Өзбекстанның 1564, Ұлыбританияның 1474, Үндістаннан 1388 азаматын жұмыспен қамтыған.

Қазақстанның атқарушы органдары 2016 жылы шетелдік мигранттарды жұмысқа жалдау үшін 36793 рұқсатқағаз берген.  Олардың арасында 2076 рұқсатқағаз басшылар мен орынбасарларға, 7043 рұқсатқағаз кеңсе басшыларына, 17 000 рұқсатқағаз шетелдік мамандар үшін берілген.

Сонымен қатар, Қазақстанның Еңбек министрлігінің ресми мәліметтеріне сәйкес, 2016 жылы 210 000 шетелдік азамат үйден отырып жұмыс істеуге жалданған.

Осы мәліметке сәйкес, өткен жылы 3768 жұмыс беруші 470398 қазақстандықты жұмыспен қамтыған.