Қазақстандық оқушылардың ата-аналары үй тапсырмасын қысқартуды сұрауда
Қазақстандық оқушылардың ата-аналары Білім және ғылым министрлігінен балаларының үй тапсырмаларын қысқартуды сұрады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ҚР Білім және ғылым министрлігінің ақпарат қызметінің хабарлауына сәйкес, Қазақстандағы оқушылар үй тапсырмаларын орындауға өте көп уақыт жұмсайды.
Аталмыш хабарламаға сәйкес, үй тапсырмаларының азырақ болуы оқушылардың білім алу қабілеттеріне оң әсерін тигізетіні дәлелденген.
Басқа елдермен салыстырғанда қазақстандық оқушылар ата-аналарының көмегімен үй тапсырмаларын орындау үшін көбірек уақыт жұмсайды екен.
Мектеп оқушыларының үй тапсырмалары көлемінен 65 мемлекеттің ішінде Қазақстан әлемде 4-ші орында болса, Орталық Азияда 1-ші орынға ие.
Қазақстандық оқушылардың ата-аналарының үй тапсырмасы көлемін қысқарту туралы өтініш беруі бірінші рет емес.
ҚР Білім және ғылым министрлігі осы мәселені қарастыру мақсатында елдегі білім беру саласының арнайы мамандары мен осы саланы нығайтуға қызығушылық танытатын адамдардың ұсыныстары мен пікірлерін қабылдайды.
Ұсыныстар осы жылдың наурыз айының он бесіне дейін жалғасып, қыркүйек айында жүзеге асырылады.