Иран мен Қазақстан парламентаралық ынтымақтастықты кеңейтуді қуаттады
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i24538-Иран_мен_Қазақстан_парламентаралық_ынтымақтастықты_кеңейтуді_қуаттады
Астанадағы ИИР елшісі мен Қазақстан Мәжілісінің төрағасы екі елдің парламентаралық ынтымақтастықтарын кеңейтуді қуаттады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Ақп 21, 2017 13:50 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстан парламентаралық ынтымақтастықты кеңейтуді қуаттады

Астанадағы ИИР елшісі мен Қазақстан Мәжілісінің төрағасы екі елдің парламентаралық ынтымақтастықтарын кеңейтуді қуаттады.

Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің сейсенбі күнгі мәліметі бойынша Моджтаба Демирчилу Астанада Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматуллинмен кездесуінде Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Иран мен Қазақстан арасында саяси қарым-қатынастардың орнатылуының 25 жылдығымен құттықтап, екі елдің парламентаралық мүмкіндіктерін көбірек пайдалану қажеттігін баса айтты.

Қазақстанның Мәжіліс төрағасы да кездесуде екі елдің екіжақты, аймақтық және халықаралық мәселелерге қатысты ынтымақтастықтар үдерісін оң бағалап: «Иран Қазақстанның сыртқы саясатында маңызды орынға ие. Қазақстан Иранмен жан-жақты қарым-қатынастарын кеңейтуді қалайды»,- деді.

Нұрлан Нығматуллин Қазақстан Президентінің өткен сәуір айындағы  Теһран сапары мен Иран Президенті Хасан Руханидің өткен желтоқсан айындағы Қазақстан сапарына тоқталып, екі елдің қарым-қатынастарын жоғары деңгейде деп бағалап, ИИР Президентінің Исламдық ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының биылғы жылдың желтоқсан айында Қазақстанда өтетін саммитіне қатысуына үміт білдірді.