Қазақстан мен Моңғолияның ядролық ынтымақтастықтары кеңейтіледі
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i24548-Қазақстан_мен_Моңғолияның_ядролық_ынтымақтастықтары_кеңейтіледі
Қазақстан мен Моңғолия барлау, игеру және уран өңдеу саласында ядролық ынтымақтастықтарын кеңейтуге әзірлік танытты.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Ақп 21, 2017 22:54 Asia/Almaty
  • Қазақстан мен Моңғолияның ядролық ынтымақтастықтары кеңейтіледі

Қазақстан мен Моңғолия барлау, игеру және уран өңдеу саласында ядролық ынтымақтастықтарын кеңейтуге әзірлік танытты.

"ҚазАтомӨнеркәсіп" ҰАК АҚ-ның төрағасы Асқар Жұмағалиев Моңғолияға жасаған сапарында осы елдің Парламент төрағасы, Өнеркәсіп және кен министрі, ядролық энергия комиссиясының бас хатшысы және ядролық ұлттық ұйымының атқарушы директорымен кездесіп, әңгімелесті.

Осы мәлімет бойынша, Қазақстан мен Моңғолияның өкілдері осы кездесуде барлау, игеру және уран өңдеу саласында ядролық ынтымақтастықтарын кеңейтуге әзірлік танытып, ядролық бірлескен жобаларды іске асыру үшін кеңесулерді жалғастыруды қуаттады.

"ҚазАтомӨнеркәсіп" ҰАК АҚ төрағасының айтуынша, қазіргі кезде Астана уран қоры бойынша әлем бойынша екінші орынға ие. «Казатомпром» ұлттық атом компаниясы әлемдегі уранның 21 пайызын қамтамасыз етеді.